«Цифрлық із және дипфейк интернеттегі ақпаратты тексеру және онлайн беделді қорғау» іс-шара

«Цифрлық із және дипфейк интернеттегі ақпаратты тексеру және онлайн беделді қорғау» іс-шара

2026 жылғы 20 қарашада ИС-26-03 к., ИС-26-04 р. және ИС-26-07 т. топтарының студенттері үшін «Цифрлық із және дипфейк: интернеттегі ақпаратты тексеру және онлайн беделді қорғау» тақырыбында іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар — топ кураторлары Майлыханова Б.Ә. және Темір Н.

Іс-шара барысында студенттер цифрлық іздің түрлерімен, дипфейкті анықтау белгілерімен және интернеттегі ақпаратты тексеру тәсілдерімен танысты. Практикалық тапсырмалар арқылы күмәнді контентті бағалау, жеке мәліметтерді қорғау және әлеуметтік желілердің қауіпсіздік баптауларын дұрыс пайдалану жолдарын меңгерді.

Іс-шара студенттердің медиасауаттылығын арттырып, интернеттегі ақпаратқа сыни көзқарас пен цифрлық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник