«Болашаққа бағдар: мамандық таңдаудағы жаңа мүмкіндіктер» атты кәсіби бағдар жұмысы

«Болашаққа бағдар: мамандық таңдаудағы жаңа мүмкіндіктер» атты кәсіби бағдар жұмысы

 

2026 жылғы 20 қараша күні КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті», «Ветеринария және зооинженерия» факультеті, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Талғар ауданы, Жібек Жолы ауылындағы №24 жалпы орта мектептің бітіруші түлектеріне арналған «Болашаққа бағдар: мамандық таңдаудағы жаңа мүмкіндіктер» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды. Кездесуді кафедра меңгерушісі алғы сөзбен ашып, мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында оқушыларға кафедраның білім беру бағдарламалары мен мамандықтарының ерекшеліктері жан-жақты түсіндіріліп, университетіміздің бай тарихы, заманауи материалдық-техникалық базасы және сапалы білім беру жүйесі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар болашақ талапкерлер үшін маңызды әлеуметтік және білім беру мүмкіндіктері, атап айтқанда студенттердің жайлы өмір сүруіне арналған жатақханалармен қамтамасыз ету жағдайлары, академиялық ұтқырлық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары, сондай-ақ университет жанындағы әскери кафедрада білім алу мүмкіндіктері мен талаптары ерекше атап өтілді. Шара соңында кафедраның білікті ұстаздары мен осы білім ордасын тәмамдаған түлектер сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісті және мектеп бітірушілерге алдағы ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, студент атануларына ақ тілектерін білдірді. Оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кездесу жоғары деңгейде қорытындыланды.

 

Орындаған: Кафедра ұжымы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник