Қонақ дәріс
Ашытылған түйе сүті микробиотасына арналған қонақ дәріс өтті
2026 жылғы 20 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасында «Ашытылған түйе сүті микробиотасының негізгі сипаттамалары мен әртүрлілігі» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәрісті биотехнолог, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының Физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасының ғылыми қызметкері Біләл Зәуреш Спандиярқызы жүргізді.
Кездесу барысында ашытылған түйе сүтінің микробиотасы, оның негізгі сипаттамалары мен микробтық әртүрлілігі туралы ғылыми мәліметтер ұсынылды. Дәріс қатысушылардың сүт микробиологиясы саласындағы білімін кеңейтіп, осы бағыттағы зерттеулермен танысуына мүмкіндік берді.
Зәуреш Спандиярқызына уақыт бөліп, ғылыми білімі мен тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!
Орындаған: Сағымбек Ф.Ғ.