Ахантаева Әмина Жағыппарқызы 1968 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында дүниеге келген. 1986 жылы №152 Жөлек орта мектебінің 10-сыныбын бітірген. 1988 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, осы университетті 1993 жылы тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 2004 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасында қауымдастырылған профессор м.а. қызметін атқаруда. 2008 жылы ҚР БҒМ ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы БД 53.33.01 Диссертациялық кеңесінде Ахантаева Әмина Жағыппарқызы «Сыр өңірі қазақтарының дәстүрлі жер шаруашылығы: тарихи - этнографиялық зерттеу (ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басы)» атты тақырыпта 07.00.07 – Этнография, этнология және антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын табысты қорғаған. Әмина Жағыппарқызының 50 – ден астам оқулығы, оқу әдістемелік құралы, электронды оқулығы, ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары, жұмыстары бар. Шетелде өтетін түрлі конференциялар мен симпозиумдарға арнаулы шақыртулар алып қатысып тұрады. Жалпы педагогтың жұмысының берген білімінің нәтижесін көрсететін ол шәкірттерінің жетістіктері. Білікті де білімді ұстаздың студенттері жыл сайын түрлі жоғарғы оқу орындарының арасында өтетін халықаралық және республикалық олимпиадалар мен халықаралық конференциялардан жүлделі орындарға ие болып бағалы сыйлықтар алып еңбегінің нәтижесін студенттері ақтап көрсетіп жатады. Қаншама жылғы еңбектері бағаланып ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталған. Университетте ректорат тарпынан да медальдармен, «Құрмет грамотасы», «Мақтау грамотасы» сияқты марапаттарға ие болған.
Жоғары
ХІХ – ХХ басындағы Жетісу қазақтарының егіншілік мәдениеті: жаңа архив және тарихи- этнографиялық деректер бойынша (АР23488973)
50 – ден астам оқулығы, оқу әдістемелік құралы, электронды оқулығы, ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары, жұмыстары бар
Қазақстан тарихы
1. 03.07.2023 - 20.07.2023 жыл. «Өрлеу». «ЖОО Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы инновациялық технологиялары». 72 сағат.
2. Ғылым және Жоғары Білім министрлігі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 16.10-31.10.2023 жыл. «Педагогика және оқыту әдістемесі» 72 сағат.
3. Тұран университеті. Алматы қаласы. 2024 жылы 12- 27 ақпан «Онлайн оқыту әдістемелері және IT- құзыреттіліктері» 72сағат (Қазақстан тарихы) бойынша.