Тимурбекова А.Қ. 1995 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын үздік бітірген. 1995 жылдан 1997 жылға дейін тағылымгер-зерттеуші- болып жұмыс істеді, ал 1997 жылдан 2000 жылға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің күндізгі бөлім аспирантурасында білім алды.
2006 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын сәтті қорғады.
2006 жылғы қыркүйектен бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра ассистенті қызметінде жұмысын бастады. 2008 жылы аға оқытушы, 2012 жылы доцент, ал 2016 жылы «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры қызметіне ауыстырылды. «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистранттарға қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Диссертациялық зерттеулерге ғылыми жетекші ретінде аталған білім беру бағдарламалары бойынша 35 техника ғылымдарының магистрін және «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша 1 PhD докторын даярлады.
Оқу жұмысынан бөлек, 2007 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып келеді. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобаларының, ҚР АШМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларының және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасының орындаушысы болды.
2011 жылғы қазанда ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті алқасының шешімімен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2025 жылғы қаңтарда ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Азық-түлік технологиясы» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Web of Science және Scopus халықаралық ақпараттық ресурстарына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарияланған 21 ғылыми мақаланы қоса алғанда, 250-ден астам ғылыми еңбектің, ҚР БҒМ грифімен жарық көрген 1 оқулықтың, 9 оқу құралының (оның ішінде 3-еуі – ҚР БҒМ РОӘК грифімен), 5 монографияның, 12 өнертабыс патентінің (оның ішінде 1-еуі – еуразиялық) авторы. Хирш индексі – 9.
ҚР БҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2016» атағының иегері.
ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшысы, Алматы технологиялық университеті жанындағы ҚР ҒЖБМ ОӘБ РОӘК мүшесі, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сарапшысы.
Қазақ химия-технологиялық институты
Мамандығы: «Төмен температуралар техникасы мен физикасы»
Бітірген жылы: 1995
инженер-механик
Алматы технологиялық университеті
Мамандығы: «Тағам өндірістерінің процестері мен аппараттары»
Қорғаған жылы: 2006
техника ғылымдарының кандидаты
Жоба атауы: «Көп дәнді шикізаттан жасалған «Ai-Kun» инновациялық макарон өнімдерін өндіру»
ҒҒТҚН коммерцияландыру, Ғылым Қоры
2024-2026 жж., жоба орындаушысы
Жоба атауы: «Өнім ассортиментін кеңейту және бірлік шикізаттан дайын өнім шығымын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің ғылымды қажетсінетін технологияларын әзірлеу» тапсырма: «Өсірілген дән негізінде функционалды сусындарды өндіру технологиясын жасау»
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ҚР АШМ
2021-2023 жж., жоба орындаушысы
Жоба атауы: «Дәстүрлі емес көп дәнді шикізат негізінде макарондық өнімдер өндіру технологиясын жасау»
Гранттық қаржыландыру, ҚР БҒМ
2018-2020 жж., жобаның жауапты орындаушысы
Жоба атауы: «Жеміс-жидек және ет-сүт салмалы жоғары дәрежелі дайындығы бар экструдирленген көп дәнді тағамдар өндіру технологиясын жасау»
Гранттық қаржыландыру, ҚР БҒМ
2015-2017 жж., жобаның жауапты орындаушысы
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Shayakhmetova A., Il D., Belgibayeva A., Sadowski A., Genstwa-Namysł, N., Zmy´slona J., Timurbekova A., Kaliyeva A., Arynova S., Chidunchi I., et al. Natural and Anthropogenic Determinants of Productivity, Emission Intensity and Environmental Efficiency of Central Asian Countries Against a Worldwide Background // Agriculture. – 2025. – V. 15, Issue 5. – DOI:10.3390/agriculture15050559. – (Scopus, Q1)
Zhalelov D., Ozkaya S., Gündoğdu M., Kara K., Ospanov A., Timurbekova A. The Effect of the Saccharomyces Boulardii Supplement in Combined Feed on the Health, Growth, and Fecal Microbiota of Growing Calves // OnLine Journal of Biological Sciences. – 2025. – № 3. – P. 801-814. – DOI: 10.3844/ojbsci.2025.801.814. – (Scopus, Q2)
Ospanov A., Timurbekova A., Zhalelov D. Mathematical modeling of the melt flow in the cone-ring channel of the extruder matrix // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies. – 2024. – V. 1, Issue 7 (127). – P. 83-98. – DOI: 10.15587/1729-4061.2024.290692. – (Scopus, Q2)
Muslimov N., Alzhaxina N., Timurbekova A., Dalabayev A., Tuyakova A., Sadibaev A. Economic aspects of hydrodynamic extraction in the production of extracts from sprouted grain of cereals // Economic Annals-XXI. – 2023. – V. 203(5-6). – P. 36-47. – DOI: 10.21003/ea. – (Scopus, Q2)
Ospanov A., Ostrikov A., Vasilenko V., Timurbekova A., Zhalеlov D. Thermomechanical processing of components of combined feeds by the expansion method // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. – 2022. – V. 16. – P. 296-306. – DOI: 10.5219/1746. – (Scopus, Q3)
Ospanov A., Muslimov N., Timurbekova A., Nurdan D., Zhalelov D. Mixing of flour mixture components in the production of pasta from nontraditional raw materials // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. – 2022. – V. 16. – P. 375-387. – DOI: 10.5219/1749. – (Scopus, Q3)
Ospanov A., Timurbekova A., Muslimov N., Almaganbetova A., Zhalеlov D. The extrusion process of poly-cereal mixtures: study and calculation of the main parameters // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. – 2022. – V. 16. – P. 645-655. – DOI: 10.5219/1756. – (Scopus, Q3)
Muslimov N., Dalabaev A., Timurbekova A., Sadibaev A., Moldakarimov A., Spandiyarov Ye. Changes in the protein-protease complex of germinated grains of leguminous crops // Journal of Hygienic Engineering and Design. – 2022. – V. 40. – P. 132-138. – (Scopus, Q4)
Muslimov N., Ospanov A., Dalabaev A., Timurbekova A., Moldakarimov A. Changes in lipase activity during germination of oil seeds // Journal of Hygienic Engineering and Design. – 2022. – V. 40. – P. 155-159. – (Scopus, Q4)
Ostrikov A., Ospanov A., Shevtsov A., Muslimov N., Timurbekova A., Jumabekova G. Mathematical model of high-temperature tube-shaped pasta drying in a conveyer belt drier // International Journal of Food Engineering. – 2021. – V. 17 (3). – P. 209-215. – DOI: 10.1515/ijfe-2020-0101. – (Scopus, Q2)
Ostrikov A., Ospanov A., Shevtsov A., Vasilenko V., Timurbekova A. An empirical-mathematical modelling approach to explore the drying kinetics of cereals under variable heat supply using the stitched method // Acta Agriculturae Scandinavica Section B: Soil and Plant Science. – 2021. – V. 71(9). – P. 762-771. – DOI: 10.1080/09064710.2021.1947360. – (Scopus, Q1)
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Оспанов А.А., Муслимов Н.Ж., Тимурбекова А.К., Алмаганбетова А.Т. Дайындық дәрежесі жоғары коэкструдирленген көп дәнді өнімдердің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу // Механика және технологиялар. – 2024. – № 4. – Б. 155-165. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Остриков А.Н., Оспанов А.А., Василенко В.Н., Тимурбекова А.К., Копылов М.В., Алмаганбетова А.Т. Коэкструзия процесіндегі көп дәнді шикізаттың балқыма ағынын математикалық модельдеу // Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. – 2024. – № 4. – Б. 105-121. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д. Көп дәнді ұн шикізаты негізінде жасалған макарондық қамырдың реологиялық сипаттамаларын зерттеу // Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. – 2023. – № 1. – Б. 98-106. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Далабаев А.Б., Садибаев А.К. Майлы дақылдарды өнеркәсіптік мақсаттарда өнудің оңтайлы уақытын анықтау // Соғу және штамптау өндірісі. Материалды қысыммен өңдеу. – 2023. – № 9. – Б. 87-94. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Тимурбекова А.К., Молдакаримов А.А., Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А., Далабаев А.Б. Майлы дақылдарды өну кезінде липаза белсенділігінің өзгеруі // Нижневолжск аграрлық университет кешенінің жаңалықтары: ғылым және жоғары кәсіби білім, 2022. – № 3 (67). – Б. 210-218. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
https://www.volgau.com/Portals/0/izv_auk/izv_auk_067/izv_auk_067_st_25.pdf?ver=eM4STM4xAL640QdGfkuwSw%3d%3d
Молдакаримов А.А., Муслимов Н.Ж., Далабаев А.Б., Тимурбекова А.К., Садибаев А.К. Өнген бұршақ тұқымдастарының ақуыз-протеаза кешеніндегі өзгерістер // Нижневолжск аграрлық университет кешенінің жаңалықтары: ғылым және жоғары кәсіби білім, 2022. – № 3 (67). – Б. 242-251. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
https://www.volgau.com/Portals/0/izv_auk/izv_auk_067/izv_auk_067_st_28.pdf?ver=PCzqzUjl6tE3JRFqJnSN1A%3d%3d
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д., Аскарова Т.Ш., Әділхан Б.Д. Дәстүрлі емес шикізаттан жасалған макарон өнімдерінің микроқұрылымын және микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу // Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. – 2021. – № 4. – Б. 23-31. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ:
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д. Дәстүрлі емес көп дәнді шикізатынан макарон өнімдерін алу технологиясы: монография. – Алматы: «Inter Print» баспасы, 2024. – 314 б.
Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Далабаев А.Б. Өнген дән мен тұқым сығындыларына негізделген сусындар технологиясы: монография. – Астана, 2023. – 175 б.
ПАТЕНТТЕР:
Патент № 36192 ҚР. Функционалды сусынға арналған өсімдік негізін алу әдісі // Муслимов Н.Ж., Оспанов А.Б., Чоманов У., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Туякова А.Р., Издибаева Г.У., Далабаев А.Б., 2023
Евразиялық Патент № 047333. Өскен дәндерден функционалды сусындар жасау әдісі // Муслимов Н.Ж., Оспанов А.Б., Чоманов У., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Туякова А.Р., Издибаева Г.У., Далабаев А.Б., 2023
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
Конференция материалдары:
Оспанов Ә.Ә., Тимурбекова А.К., Алмағанбетова А.Т., Молдалимова Г.К. Көп дәнді қоспаларды әзірлеуге арналған іріктелген астық шикізаты үлгілерінің минералдық, дәрумендік және аминқышқылдық құрамын зерттеу // «Сейфуллин оқулары – 18(2): «XXI ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана, 2022. – Б. 104-108
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д., Молдалимова Г.К. Дәстүрлі емес шикізаттан макарон өнімдерін өндіруде қамырды престеудің технологиялық процесін зерттеу // «Сейфуллин оқулары – 18(2): «XXI ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана, 2022. – Б. 112-115
Әдістемелік ұсынымдар:
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Алмағанбетова А.Т. Жеміс-жидек салмасы бар дайындық дәрежесі жоғары өнімдерді өндіріске енгізу бойынша ұсыныстар. – Алматы: Айтұмар, 2024. – 61 б.
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Боранбаева Т.К., Жалелов Д.Б. Жас ірі қара малға арналған жоғары қоректік және оңай сіңірілетін экструдияланған жем өндіру үшін Saccharomyces cerevisiae boulardii T8-3C (SCB) пробиотикалық препаратын қолдану бойынша ұсыныстар. – Алматы: Айтұмар, 2024. – 33 б.
Бакалавриат:
-
Азық-түлік өнімдерін тану
-
Өңдеу өндірістерінің технологиясы
Магистратура:
-
Азық-түлік өнімдерінің технологиясындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
-
Cүт өнеркәсібіндегі қалдықсыз технология
-
Тағам қауіпсіздігіндегі ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Өңдеу өндірістерінің технологиясы (72 сағат) // Алматы технологиялық университет, 16.06.2025 ж. – 27.06.2025 ж.
Сүт және сүт өнімдері технологиясы (72 сағат) // Алматы технологиялық университет, 16.06.2025 ж. – 27.06.2025 ж.
Жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру (72 сағат) // «Lawyers&Co» ЖШС, 26.05.2025 ж. – 05.06.2025 ж.
Жасанды интеллект: Базалық курс (112 сағат) // Astana Hub, 04.12.2024 ж. – 06.06.2025 ж.
Педагогика және оқыту әдістері (72 сағат) // Казахский национальный аграрный исследовательский университет, 16.10.2023 ж. – 31.10.2023 ж.
IT құзыреттіліктері және онлайн оқыту әдістемелері (72 сағат) // М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті, 19.06.2023 ж. – 30.06.2023 ж.
Цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеу әдістері мен құралдары (72 сағат) // Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі университеті, 25.10.2022 ж. – 03.11.2022 ж.
Dr. Gaceu Liviu – Трансильвания Брашов университеті, Румыния (бірлескен жарияланымдар)
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3186-8764
Scopus Author ID: 35324363100
Остриков Александр Николаевич, техника ғылымдарының докторы, профессор – Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті, Ресей Федерациясы (бірлескен жарияланымдар)
Scopus Author ID: 6507477204
Василенко Виталий Николаевич, техника ғылымдарының докторы, профессор – Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті, Ресей Федерациясы (бірлескен жарияланымдар)
Scopus Author ID: 7102910436
Dr. Özkaya Serkan – Испарта қолданбалы ғылымдар университеті, Түркия (бірлескен жарияланымдар)
Scopus Author ID: 15027248400