ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU
Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы

«Ветеринарлық-тағамдық қауіпсіздік және технология» білім беру бағдарламасының мақсаты - ветеринария, тағам технологиясы, санитарлық бақылау және жануарлар текті өнімдердің қауіпсіздігі салаларында кешенді білімді қолдана білетін, заманауи ғылыми әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, тағамдық өнеркәсіптің сапасы, қауіпсіздігі және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

-Ветеринарлық дәрігер;

-Тағам қауіпсіздігі бойынша ветеринарлық дәрігер;

-Бас ветеринариялық дәрігер;   

-Ветеринариялық дәрігер вирусолог, бактериолог, токсиколог;

-Мемлекеттік ветеринариялық инспектор;

-Ветеринариялық зертхана меңгерушісі

-Ветеринарлық дәріхана меңгерушісі;

-Ветеринарлық пункт меңгерушісі;

-Зертхананың ветеринарлық дәрігері.

-Ветеринариялық санитариялық дәрігер;

-Ветеринариялық-санитариялық инспектор;

-Ветеринар дәрігер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник.

Кәсіби қызмет саласы

Маманның кәсіби қызметінің саласы дәрігерлік,  басқару-ұйымдастыру, эксперименттік зерттеу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және ветеринариялық-санитария бойынша дәрігерлік, ғылыми зерттеу,  жобалау,  білім беру болып табылады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

-ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық шаруашылық субъектілері:

-ветеринариялық емдеу орталықтары, ветеринариялық жеке клиникалар, ветеринариялық дәріханалар;

-мемлекеттік ветеринариялық зертханалар;

-хайуанаттар бағы, қорықтар;

-ипподромдар, асыл тұқымды бірлестіктер;

-мал, құс, балық пен ара шаруашылығының  тағамдық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу кәсіпорындарында;,

-биологиялық препараттардың сапасын бақылау кәсіпорындары;

-мемлекеттік ветеринарлық қызмет мекемесі;

-ішкі сауда объектісінің ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында;

-мал өлекселерін өңдейтін және нәруыздық азық өндіретін кәсіпорындарында;

-мемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау пункттерінде;

-ғылыми зерттеу институттары мен ветеринарлық, биологиялық және экологиялық саладағы ұйымдар;

-әскери- мал дәрігерлік қызмет;

-табиғатты қорғау және ветеринариялық полиция;

-кинологиялық қызмет;

-ветеринария бойынша   білім беру оқу орындары.

Кәсіби қызмет функциялары

-жануарлар, құстар, балықтар мен аралардың инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларын диагностикалау, емдеу, алдын-алу;

-Қазақстан Республикасының аумағында ветеринарлық заңнаманың сақталуын бақылау;

-жануарлар, құстар мен балықтардың инфекциялық, инвозиялық және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу және ұйымдастыру;

-ветеринарлық қызметкерлер мен басқа да мал шаруашылық, құс және балық шаруашылығының қызметкерлерін жануарлар, құстар және балықтармен жұмыс жүргізуде техникалық қауіпсіздігінің сақталуын үйрену және бақылау;

-биологиялық белсенді заттар мен қоспалар, балық, құс, мал және өсімдік өнімдерінің өндірілуі мен сатылу кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелердің орындалуын бақылау;

-ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау;

-этиологияны оқыту, даму механизмі мен жануарлар ауруларының ерекшеліктері; ауру жануарларда салыстырмалы клиникалық, биохимиялық, посморталдық және иммунологиялық зерттеулер жүргізу;

-әртүрлі этиологиялық аурулар кезінде тиімді емдеу және алдын алу іс-шараларын енгізу;

-өндіріске ғылыми жобалар мен инновациялық технологияларды енгізу; ветеринарлық, биологиялық, экологиялық бағытындағы ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізілетін ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу; зерттеу тақырыбы бойынша өткізілетін ғылыми форумдарға қатысу және баяндама жасау;

-азық-түлік, ет-сүт өнеркәсібі, тері, коммерциялық желілер, ветеринарлық ауруханалар, станциялар, зертханалар, дәріханалар, мал жеке жайларын салу кезінде құрылыс құжаттарын әзірлеуге қатысу;

-мамандық бойынша кәсіптік білім беру мекемелерінде оқыту жұмыстары; ветеринарлық, мал шаруашылық және биологиялық мамандарды даярлау және қайта даярлау;

-гигиена негіздеріне сәйкес мал жануарларын күтіп, баптау туралы иелерін оқыту;

- мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау, ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;

-ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттарды және фармакологиялық препараттарды өндіру және өткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау.

Кәсіби қызмет түрлері

Бағалау қызметі:

-жануарларды аурулардан және өлімнен сақтандыру үшін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын құрастырады;

-жануарлар мен құстарды емдеуді жүргізеді, жануарларды күтіп-ұстау, азықтандыру бойынша зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді жүзеге асырады.

-тамақ өндірісі кәсіпорындарында, жеке кәсіпкерлік құрылымдарда және шаруашылық субъектілерінде мал, құс, балық және ара ауруларын болдырмау, қауіпсіз және сапалы тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған зоогигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитариялық шаралардың сапалы жүргізілуін бағалау. 

Конструктивтік қызмет:

-жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды өсірумен айналысатын және жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын объектілерде ветеринариялық алдын алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

-ветеринариялық, биологиялық, экологиялық және техникалық бағыттағы ғылыми-зерттеу мекемелері ұйымдастыратын ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысады;

-ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті тамақ өнімдерін шығару үшін инновациялық-технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді сынақтан өткізуге және енгізуге жәрдем көрсетеді;

-ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу кезінде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;

-экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру барысында жануарларды, құстарды, балықтарды және араларды тасымалдауға бақылауды жүзеге асырады.

-жануарлардың, құстардың, балықтардың және араның жұқпалы ауруларының алдын алуға және жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады.

-цифрландыруға негізделген заманауи модульдерді енгізе отырып, технологиялық жабдықтардың жұмысын іске асырады және инновациялық технологияларды қолдана отырып, тағам өндірісін басқарады;

-қайта өңдеу өндірісінің тиісті салаларының шикізат, дайын өнім сапасын жақсарту бойынша тәжірибелік зерттеулер жүргізеді;

-өндіріске нормативтік-құқықтық актілерде және ҚР, ЕурАзЭҚ, GMP, GLP, GAP, CAC, ISO, HACCP құжаттарында көзделген талаптарды енгізуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-технологиялық қызмет:

-Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың, құстардың, балықтардың, бал аралардың аса қауіпті ауруларының стационарлық ошақтарын мониторинг, картографиялау және анықтау жүргізеді және мемлекеттік ветеринариялық органдарды олардың өршуі туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

-Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың, құстардың, балықтардың, аралардың аса қауіпті ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңнамасы талаптарының орындалуы туралы мемлекеттік ветеринариялық құрылымдарды, кеден органдарын және медициналық қызметті уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

- ветеринарлық есеп жүргізеді және мемлекеттік ветеринарлық органдарға белгіленген есептілікті уақытында ұсынады;

- тағам өндірісінде техникалық негізделген уақыт нормаларын және кестелерді әзірлейді, материалдық шығындар нормативтерін (Шикізат, жартылай фабрикаттар, материалдар шығысының нормаларын) есептейді.);

-прогрессивті, экономикалық негізделген, заманауи технологиялар мен өндіріс режимдерін енгізеді

-жобаланатын технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін анықтайды, технологиялық нормативтерді, нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды әзірлейді, шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасын талдайды және жүргізілген түзетулер мен өндірістің белгіленген режимдеріне сәйкес техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді.

Дағды қалыптастыру

Түрлері жануардың нақты морфологиялық, құрылымының физиологиялық және цитохимиялық ерекшеліктерін, тұқымын мен жасын анықтау аспектілерін; патологиялық материалдарды дайындау, сақтау, тасымалдауға; вакциналарды және диагностикалық жиынтықтар ұтымды пайдалануға; қоздырушылардың биологиялық ерекшеліктерін, инфекциялық процесті зерттеуге, бөлініп алынған өсіндерді ажыртатуға және диагноз қоюға; алдын алу, карантиндік және шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға; эпизоотологиялық зерттеулер, жұқпалы аурулар мен паразиттік ауруларға бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізуге, дезинфекция мен дератизация жүргізуге;  паразитке қарсы іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыруға; патологиялық, гистопатологиялық, зертханалық  зерттеулер жүргізуге, олардың нәтижелерін талдау және түсіндіруге, сойып-зерттеу хаттамасын толтыруға; жұқпалы емес ауруларды емдеуге тиімді заманауи ғылым мен технологияны пайдалана отырып, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді зерттеуге  клиникалық, зертханалық, арнайы зерттеулер қазіргі заманғы әдістемелерді дамытуға, себептік, патогенетикалық және симптоматикалық терапия, физиотерапия және диеталық азықтандыруды пайдалануға; жануарлар мен минералды, өсімдік тектес түрлі топтардағы дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмі, қолдану және қарсы әсерлері  бойынша сұрақтарға; ауыл шаруашылығы малдарының түрлеріне қарай мен құстарға дәрілік заттарды мөлшерлеу; дәрілік формаларды дайындауға және нұсқамаларды жазуға; қазіргі заманғы әдістері қолдануға, құрылғылар мен жабдықтарды тиімді пайдалануға ветеринариялық медицина саласындағы проблемаларды шешуге.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6B09103 – Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы».docx

110.677 KB

6B09103-Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы 2025.pdf

4727.797 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник