KazNARU-да МАМАНДАР АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

KazNARU-да МАМАНДАР АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылғы 19 қарашада «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ базасында Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі – Жобаларды басқару тобының бірінші мәжілісі өтті. Мәжіліске KazNARU Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Ибрагимов модераторлық етті.

Мәжіліске «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» бағыттары бойынша кадр даярлайтын еліміздің 24 жоғары оқу орнының өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері және шетелдік ғалымдар офлайн және онлайн форматта қатысты. Олардың барлығы оқу-әдістемелік бірлестіктің жаңартылған құрамына енді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті әзірлеген Педагог кадрлардың білімі мен біліктілігінің академиялық сәйкестігінің бірыңғай анықтамалығы жобасын талқылау болды. Аталған құжат қолданыстағы және бұрынғы мамандықтарды, ғылыми бағыттарды, сондай-ақ бейіндік пәндер топтарын өзара сәйкестендіреді. Бұл тексерулер мен аккредиттеу барысында оқытушылардың біліктілігін бағалау кезінде туындайтын даулы жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.

Жоба бойынша негізгі баяндаманы KazNARU академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Гүлмира Алпысбаева жасады. Ол еліміздің жетекші оқу орындарынан түскен ұсыныстардың жиынтық талдауын ұсынды.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша кеңестің бейіндік секцияларына даулы тұстарды жан-жақты пысықтап, өз бағыттары бойынша анықтамалықтың бірыңғай жобаларын ұсыну тапсырылды. Ал оқу-әдістемелік кеңестің жиынтық ұсыныстары бекіту үшін министрліктің тиісті комитетіне жіберілетін болады.

Сонымен қатар мәжіліс барысында қатысушылар 2026–2027 оқу жылына арналған кеңестің жаңартылған құрамын, жұмыс жоспары мен мәжіліс жоспарын ресми түрде бекітті, магистранттарға арналған пәндер бойынша кешенді тестілеу тапсырмаларын өзектендіру мәселелерін қарады және бірқатар оқу басылымдарына Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің грифін беруді ұсынды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник