Жасанды интеллект: жылқы ауруларын зерттеу және халықаралық саудадағы тәуекелдерді бағалау

Жасанды интеллект: жылқы ауруларын зерттеу және халықаралық саудадағы тәуекелдерді бағалау

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Ветеринария және зооинженерия факультетінің МВМ-25-04-П тобының магистранттары «Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алудың ұлттық және халықаралық жүйелері» пәні бойынша практикалық сабаққа қатысты. Сабақты профессор Гүлназ Дүйсекқызы Ильгекбаева өткізді.

Жылқы тұмауы (Equine influenza), жылқының вирустық артерииті (Equine viral arteritis) және маңқа (Glanders) мысалында магистранттар ауру пайда болғанда, жылқыларды тасымалдағанда және шекара арқылы өткізгенде туындайтын тәуекелдерді қарастырды. Олар халықаралық сауда үшін уақтылы диагностика, ветеринариялық бақылау, елдер арасындағы ақпарат алмасу және келісілген алдын алу шаралары неліктен маңызды екенін талқылады.

Әр топ жасанды интеллект құралдарының көмегімен өз тақырыбы бойынша презентация, бейнематериал және бақылау сұрақтарын дайындады. Магистранттар жұмыстарын таныстырып, педагогикалық практикада меңгерген дағдыларын қолдана отырып, бір-бірінің материалдарын бағалады.

Сабақтың бұл форматы жұқпалы аурулар туралы білімді ветеринария маманының практикалық міндеттерімен ұштастыруға көмектесті: инфекцияның таралу қаупін бағалау, жануарларды тасымалдау және халықаралық сауда кезінде қажетті шараларды негіздеу.

МВМ-25-04-П тобының магистранттарына белсенділігі мен мазмұнды баяндамалары үшін алғыс айтамыз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник