ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

НАН ПІСІРУ,КОНДИТЕРЛІК ЖӘНЕ МАКАРОН КӘСІПОРЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ

✅ 2025 жылғы 4 желтоқсанда Инженерлік технологиялар факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында «Нан пісіру, кондитерлік және макарон кәсіпорындарын жобалау» пәні аясында «KAZSAT project» атты мазмұнды ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

✅Іс-шара кафедраның аға оқытушысы Исматуллаев С. және ТПРП 22-09К тобының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың жобалау құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық әлеуетін арттыру.

✅Ашық сабаққа 3 команда қатысып, өздерінің жобаларын таныстырды:

1-топ – “Bidai bakery”

2-топ – “Dameli”

3-топ – “Qazaq Bread”

✅Командалар жобаларын келесі 4 кезең бойынша қорғады:

– таныстырудың креативтілігі;

– сұрақ-жауап кезеңіндегі кәсіби біліктілік;

– жобаның мазмұндылығы мен ауқымдылығы;

– ең әсерлі әрі көңілді жарнама (реклама) кезеңі.

✅Әрбір кезеңде қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын үйлестіре отырып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

✅Ашық сабақтың әділқазылар алқасының құрамында кафедра оқытушылары мен мамандары болды:

– б.ғ.к., кафедра меңгерушісі, профессор – Мамаева Лаура Асильбековна

– т.ғ.к., қауымдастырылған профессор – Қозықан Сабира

– PhD, аға оқытушы – Нурдан Динаш

– т.ғ.м., аға зертханашы – Қалдыбаева С.Ғ.

– магистр – Дадашова Р.Т.

– зертханашы – Қозыбай А.А.

✅Тартысты бәсекелестік нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей иеленді:

1-орын – “Qazaq Bread” командасы

2-орын – “Dameli” командасы

3-орын – “Bidai bakery” командасы

✅Ашық сабақ соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай жобалық форматтағы сабақтардың кәсіби қызығушылықты арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуға зор ықпал ететіндігін атап өтті.

✅Осындай мазмұнды әрі тиімді іс-шараны ұйымдастырғаны үшін аға оқытушы Исматуллаев С.-ке және ТПРП 22-09К тобының студенттеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник