15 мамырда 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 15 мамырда сағат 11:00-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Кенжеханова Мереке Батырхановнаның «Қазақстан Республикасындағы аудандастырылған әр түрлі сортты алмаларды қолдана отырып, алма қағы өндірісіне стандарттау және сертификаттаудың технологиясы нормативтік базасын әзірлеу» тақырыбындағы 8D07501 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің №9 хаттамасы негізінде Кенжеханова Мереке Батырхановнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.