KazNARU

KazNARU мен ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАНУАРЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ҰЙЫМЫ (WOAH) ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУҒА УАҒДАЛАСТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов арнайы ресми сапармен келген Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) кеңесшісі және Бас директорының орынбасары, доктор Романо Марабеллимен кездесті.

✅ Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы – бүкіл әлемде жануарлардың денсаулығын сақтау, жақсарту және жаһандық деңгейде жануарлар ауруларымен күресуге жауапты үкіметаралық жетекші ұйым болып табылады. Ол құрамына 183 мемлекет кіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) консультативтік (референттік) құрылымы ретінде танылған.

✅ Кездесу барысында Пірімқұл Ибрагимов Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының Қазақстандағы жануарлар денсаулығын қадағалаудың жаһандық шараларына және зооноздық аурулардың алдын алу, ветеринарлық медициналық қызметтің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, ветеринарлық бақылау бағдарламасының елімізде тиімді жүзеге асырылуына жоғары баға білдіргеніне тоқталып өтті.

✅ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді – оқу ордамыздың әлемдік деңгейде дамуының стратегиялық бағыты ретінде қарастырады. Осы орайда, трансшекаралық жануарлар ауруларының алдын алу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында бәріміздің бір мақсатта күш біріктіруіміз қажет. Сондықтан, біздер WOAH ұйымы мен Италияның халықаралық стандарттары мен үздік тәжірибелерін білім беру процесі мен ғылыми зерттеулер барысында пайдалануды басты назарға аламыз. Оқу ордамызға еуропалық жетекші ұйымның басшылары арнайы келгеніне қуаныштымыз және сіздермен серіктестікті нығайтуға, бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз"- деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Доктор Романо Марабеллин өз сөзінде 1924 жылы Халықаралық эпизоотиялық бюро ретінде құрылған WOAH ұйымның негізгі мақсаты – жануарлардың эпизоотиялық аурулармен күресу, азық-түлік қауіпсіздігі мен жануарлардың әл-ауқатын үйлестірумен, қолдаумен және бақылау екендігін жеткізді.

✅ «Біздің ұйым осылайша әлемдегі қауіпті мал ауруларынан таралатын залаладрдың алдын алады. Сонымен қатар, осы саладағы ғылыми ақпаратты, халықаралық ынтымақтастықты, ветеринариялық қызметтердің рөлін нығайтуды және бөлісуді назарда ұстайды. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми әлеуеті өте жоғары дәрежеде дамығанын және Қазақстандағы ветеринарнялық санитария саласындағы жетекші ғылыми орталық екендігін ескере отырып, ғылыми-зерттеулер мен түрлі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамыз», - деді Романо Марабеллин.

✅ Айта кетейік, доктор Романо Марабелли 2017 жылдың қыркүйегінен бастап WOAH ұйымының кеңесшісі және Бас директорының орынбасары қызметін атқарады. Бұған дейін Италия Денсаулық сақтау министрлігінің ветеринарлық қызметтерінің бас директоры, министрліктің Бас хатшысы лауазымдарын атқарған. Италия Республикасының кавалері (1990), Италия Республикасының Ұлы офицері (1992), «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің Үлкен крест кавалері (2010) атанған.

✅ Кездесуге Италия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Умбрия және Марке зоопрофилатикалық институтының Бас директоры, доктор Винченцо Капуто, осы Институт директорының орынбасары доктор Джованни Пеззотти және KazNARU қызметкерлері мен ғалымдары қатысты.

✅ Кездесу конструктивті жағдайда өтіп, бірқатар нақты ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда:

* Университеттің білім беру және зерттеу қызметіне WOAH халықаралық стандарттарын енгізу перспективаларын талқылау;

* Жануарлардың трансшекаралық ауруларының мониторингін жүргізу, микробқа қарсы төзімділік, биоқауіпсіздік және ветеринариядағы цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық мәселелерін айқындау;

* Студенттер алмасу, оқытушылар тағылымдамаларын ұйымдастыру және бірлескен ғылыми гранттар бөлу, халықаралық форумдарға қатысу сияқты тақырыптарды қамтыды.

✅ Мәртебелі қонақтар KazNARU-дың инфрақұрылым жүйесімен және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметімен танысып, жоғары баға берді.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник