«KazNARU-ға кеттік – Kettik в KazNARU!»
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Тамақ өнімдері технологиясы мен сапасының ғылыми-білім беру инновациялық орталығының» ұсынысымен оқу ордасының факультеттері мен кафедраларының және ғылыми орталықтарының ерекшеліктерін түсіндіру, ондағы инновациялық жаңалықтар мен жетістіктерден қоғамды хабардар ету мақсатында «KazNARU-ға кеттік! – Kettik в KazNARU!» атты виртуалды 3D турымызды бастаймыз.
Білім алушылардың ғылыми-ізденістік жұмыстарын жүргізуі үшін, сонымен қатар, теориялық оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұштастыра жүргізуге мүмкіндік беретін, арнаулы құралдар-жабдықтармен жабдықталған Орталыққа техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Еренова Бибипатыма Ертайқызы жетекшілік жасайды.
Вииртуалды тур аясында орталықтың маман-технологтары Кауменова Альбина Ержанқызы, Әжібаева Гүлдәурен Айтқалейкызы, Әуесханов Бағлан Бахитжанұлы теңдестірілген химиялық құрамы бар функционалдық ет, сүт өнімдері мен нан-тоқаш өнімдерінің тиімді технологиясын түсіндіреді.
Орталықтың негізгі мақсаттары:
• Білім алушыларды заманауи әдістермен тамақ шикізаты мен өнімдерін зерттеуге жұмылдыру;
• Тамақ шикізаты мен азық-түліктердің технологиясы, сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу;
• Өсімдік және жануарлық шикізатты өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу;
• Нан өнімдерінің, сүт өнімдерінің физика-химиялық және реологиялық көрсеткіштерін зерттеу.
Орталық құрамында екі зертхана бар:
●«Тамақ өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін және топырақ, су, шикізаттың экологиялық сапасын талдау» зертханасы – ұнның, қамырдың, нан мен нан-тоқаш өнімдерінің физикалық-химиялық және реологиялық көрсеткіштерін; сүт пен сүт өнімдерінің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтауға бағытталған.
● «Тамақ өнімдері технологиясы» зертханасы – нан өнімдері, ет пен сүтті өңдеуге арналған оқу-өндірістік мини-цехтар орналасқан; жаңа рецептураларды әзірлеу және технологиялық үрдістерді меңгерумен айналысады.
Нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша оқу-өндірістік шағын цехта білім алушылар толыққанды білім алады, әрі теориялық оқыту процесінде және әртүрлі кәсіптік практикалардан өту барысында практикалық жұмыс дағдыларын меңгереді; нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің жаңа рецептуралары мен технологияларын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; қазіргі заманғы оқыту технологиялық жабдықтарында технологиялық процестердің режимдері мен параметрлерін пысықтайды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және сақтау, сондай-ақ сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан халқының денсаулығын сақтау проблемасы функционалдық бағыттағы өнімдерді құру қажеттілігімен байланысты, оларды жүйелі түрде қабылдау организмдегі физиологиялық процестердің барысын ғана емес, сонымен бірге оның жай-күйін де жақсартады. Әсіресе денсаулық жағдайы күнделікті диетаны түзетуді қажет ететін тұтынушылар топтары үшін функционалды өнімдерді әзірлеу маңызды болмақ.
Ия, тамақ өнеркәсібі – бұл көпсалалы әрі өте ауқымды сала. Айналаңызға зер салып қараңыз және түсініңіз – әсем қалалар мен барлық ауылдарда заманауи тамақтандыру орталықтарын көре аласыз. Бұл деген – мол табыстың көзі. Және бұл салада өнімді жұмыс істеу үшін өз ісін жетік білетін өте білікті мамандар қажет.
Болашағы зор тамақ өнеркәсібінің білікті кадрларын даярлайтын жетекші аграрлық оқу орын – бұл KazNARU.
Құрметті жас түлектер!
Сіздер осы заманауи оқу орнында жоғары білім алып, өз болашақтарыңызды айқындағыларңыз келе ме?
Таңдау жасасаңызда – ең заманауи оқу орны Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті сіздерді күтеді!
KazNARU Баспасөз қызметі