KazNARU

KazNARU КОМАНДАСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2025 жылдың 2-3 мамыр күндері Алматы қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Алматы қаласының полиция департаменті мен Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) бірлесіп ұйымдастырған «Жастар және полиция: ашық диалог және ынтымақтастық» Орталық Азия жастарының форумы болып өтті.

✅ Жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатындағы бұл маңызды жиынға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінен келген 16-20 жас аралығындағы 150-ден астам жалынды жастар қатысты.

✅Форумда Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров, Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Маттиас Кислер, Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобыландин, GIZ «Орта Азиядағы экстреммзмнің алдын алу» бағдарламасының жетекшісі Штефан Бухмайер және қызметтік міндетін атқаруда батырлық танытқан полиция өкілдері сөз сөйледі.

✅ Екі күнге созылған форум аясында танымал құқық қорғаушылармен, маман психологтармен, ақпаратттық технология өкілдерімен, белгілі өнер және мәдениет қайраткерлерімен жүздесулер ұйымдастырылып, мотивациялық тақырыптағы қызықты сұқбаттар, интерактивті тренингтер өткізілді.

✅ Әсіресе қазіргі жағдайдағы полиция қызметінің ерекшеліктері, жастар арасында медиасауаттылықты арттыру, сыни ойлау, қоғамдағы психологиялық жанжалдарды шешу әдістемесі мәселелеріне арналған интерактивті тренингтер жастардың қызығушылығын туғызды.

✅ Қатысушылар командаларға бөлініп «Шерлок Холмс мектебі», «Антихакер мектебі», «Полицей мектебі» және «Арнайы дайындық мектебі» топтары бойынша тренингтерге қатысып, өз білімдерін және дағдыларын ортаға салды.

Сонымен бірге, жастар полиция жұмысында қолданылатын цифрлық және техникалық құралдармен, қазіргі уақытта өріс алған киберқылмысқа қарсы жұмыс тәсілдерімен, экстремизмнің алдын алудың заманауи әдістерімен танысты және осыған байланысты ой-пікірлерімен бөлісті.

✅ ЖОО-лар арасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Көк аспан KazNARU» командасы жоғары белсенділік көрсетіп, өздерінің заң және құқық тақырыбы аясындағы алған білімдері мен алғырлықтарын танытты.

Студенттік омбудсмен Назерке Күзен жетекшілік жасаған команда құрамында «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің білім алушылары Салтанат Сейілхан, Әминат ⁠Зиноллаева, ⁠ Дамир Ерланұлы, ⁠ Есенғали Ерсін,⁠ Аяулым Жұмаділ, Санат ⁠Оразхан бақ сынасты. Нәтижесінде жоғары белсенділіктері үшін «Оң өзгерістер драйвері» атты арнайы Дипломмен және Сертификатпен марапатталды.

✅ Мектеп оқушылары арасында өткізілген республикалық «Жас ізкесуші» және «Жас IT-дарын» байқауының жеңімпаздары да осы форумда марапатталып, жеңіс тұғырына көтерілді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник