Тастемирова Бактыгуль Ельденовна 1968 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Сорвенок ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Зайсан қаласындағы М.Ломоносов атындағы орта мектепті бітірген. 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтына «Арнай және техникалық пәндерді кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы үздік аяқтаған. «Инженер-педагог» біліктілігін алған.
Білімі және еңбек жолы
1994-2003 жылдары желтоқсан айынан бастап Қазақ ауылшаруашылық институты "Азаматтық қорғаныс" кафедрасына оқытушы қызметін атқарған.
2003-2006 жылдары профессор Л.Е.Тәжібаев атындағы «Гидротехника және мелиорация» кафедрасында ассистент лауазымында жұмыс істеген.
2006-2018 жылдары Аграрлық техника және технологиялар кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарған.
2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «6М080600-Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2014 жылы ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2012-2013 жылдары Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің «Жалпытехникалық пәндер және электроэнергетика» кафедрасында аға оқытушы.
2013-2018 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Аграрлық техника және технология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарған.
2018-2021 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «6D080500 – Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша (PhD) докторантурада білім алған.
2019-2023 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарған.
1994–2023 жылдар аралығындағы кәсіби қызметі барысында білім алушыларға дәріс және практикалық сабақтар жүргізу, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.
Ғылыми дәрежесі және ғылыми-зерттеу қызметі
2024 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 6D080500 – «Cу ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Тобыл өзені алабындағы су жинау аймағына шекті-техногендік жүктемені геоэкологиялық негiздеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.
2024 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Респубикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми дәрежелер беру ережелеріне» және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесіне» сәйкес Тастемирова Бактыгуль Ельденовнаға 6D080500 – «Cу ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі берілген.
Тастемирова Б.Е. гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылған ғылыми жобалардың орындаушысы болды.
Көп жылғы кәсіби қызметі барысында өзін білікті оқытушы, тәжірибелі зерттеуші және жауапты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Кәсіби деңгейін арттыру бағытында ұдайы жұмыс істейді, білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне және аграрлық сала үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға белсенді қатысады. Әріптестері арасында құрметке ие, білім алушылар арасында беделі жоғары.
1. Оқу орны: Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институты
Мамандығы: Арнайы және техникалық пәндерді кәсіптік оқыту
Бітірген жылы: 1994
Біліктілігі: инженер-педагог
2. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Аграрлық техника және технология Бітірген жылы: 2014
Біліктілігі: Ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі
3. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: Су ресурстары және суды пайдалану
Бітірген жылы: 2021
Біліктілігі: PhD
1. Abdykadyrov, A., Marxuly, S., Mechsheryakova, T., Tastemirova, B., Tolen, G., Kulshikova, E., Duisenov, N., Uzak, M. SCIENTIFIC FOUNDATIONS OF INDUSTRIAL ENGINEERING AND GEOECOLOGICAL UTILIZATION OF WATER RESOURCES. Water Conservation and Management, 2025, 9(4), pp. 707–713. DOI: 10.26480/wcm.04.2025.707.713
2. Abdykadyrov, A., Marxuly, S., Kozykeyeva, A., Tastemirova, B., Duissenov, N., Kalym, K., Orazay, A., Ayapbergen, Zh., Matkarimova, A. SCIENTIFIC JUSTIFICATION OF TECHNOGENIC LOADS IN THE TOBYL RIVER BASIN FROM THE PERSPECTIVE OF INDUSTRIAL ENGINEERING. Water Conservation and Management, 2025, 9(4), pp. 714–722. DOI: 10.26480/wcm.04.2025.714.722
3. Kozykeyeva, A., Mustafayev, Zh., Tastemirova, B., Mosiej, J., Specific features of flow formation and water use in the catchment areas in the tobol river basin. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences, 2021, 3(447), pp. 94–99. DOI: 10.32014/2021.2518-170X.68
Монграфия
Тастемирова Б.Е.
Су ресурстарын пайдалануды геоэкологиялық негіздеу: моногрaфия/Б.Е.Тастемирова. – Алматы: ҚазҰАЗУ, 2026. – 102 б.
Өсімдік өнімдерін дайындау және сақтауға арналған машиналар мен жабдықтар
Мал шаруашылығын механикаландыру
Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру
2019 жыл – Польшадағы Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінде (Szkoła Główna Gospodarstwa Wiejskiego w Warszawie) ғылыми тағылымдамадан өтті
2022 жыл – Алматы қаласында «DIGIS AV» ЖШС ұйымдастырған «Жоғары оқу орындарында техникалық пәндерді оқытудағы заманауи ақпараттық-білім беру технологиялары: интерактивті оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті
2022 жыл – Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) «Тұрақты ауыл шаруашылығы мүддесіндегі трансдисциплинарлық зерттеу әдістері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты
2025 жыл – 2025 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Ғылыми тағылымдама бағыты – «Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) техникалық қамтамасыз ету және жаңғырту»