Касымбаев Бекбосын Мыркасымович 1964 жылы туылған, ұлты қазақ. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің «Кәсіптік оқыту және арнаулы техникалық пәндер» мамандығын бітірді. 2008-2010 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. 2011-2014 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 6D080600 –«Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша докторантураны аяқтады. «Жеміс-жидек өнімдері өндірісіне арналған көп салалы гелиокептіргіш-жылыжайды зерттеу және жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғап, «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі (ҚР БҒМ №232 бұйрық 20.02.2017 ж.) берілді. 1986-1996 ж.ж. - Алматы облысы, Жаланаш ауылы кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1996-2006 ж.ж. - Жүк тасымалдау, автомобильдерді жөндеу саласы бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2006-2014 ж.ж. - Алматы құрылыс-техникалық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы қызметін атқарды. 2010 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ассистент, зертхана меңгерушісі, аға оқытушы қызметінде жұмыс істеді. 2016 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 шілдедегі № 1292 бұйрығымен «Мультидисциплинарлық ауыл шаруашылығы ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессоры (доцент) (ғылыми атағы берілді.
Касымбаев Б.М. гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылған бірқатар ғылыми жобалардың орындаушысы болды, оның ішінде мынадай тақырыптар бар: «Полифункционалды гелиокептіргіш-жылыжай базасында жеміс-көкөніс өнімдерін жыл бойы өндіру мен өңдеудің энергия үнемдеу технологиясын әзірлеу», «Ірі қара малды жемдеу үшін жұмсақ вакуумделінген контейнерде сақтау үшін даярлау технологиясы мен жабдықтары», «Қазақстанның ара шаруашылықтары жағдайында техникалық құралдарды жаңғырту жолымен ара ұясын пергаға және балауыз шикізатына өңдеудің қарқынды технологиясын әзірлеу». Ал қазіргі уақытта «Алматы облысы жағдайында жұмсақ полимерлі контейнерлерде ұсақталған өсімдіктерді вакуумдық тығыздау үшін техникалық құралдарды әзірлеу арқылы пішендемені дайындау және сақтау технологиясы» ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы бойынша (2025–2027 жж.) жоба жетекшісі.
Кәсіби бағдар жұмысы бойынша Алматы облысы, Кеген ауданы мектептерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кәсіби деңгейін арттыру бағытында ұдайы жұмыс істейді, білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне және аграрлық сала үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға белсенді қатысады. Касымбаев Б.М. кафедрада қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 40-тан астам ғылыми еңбектері, оның ішінде 5 ҚР патенті, Scopus дерекқорында 7 мақаласы жарияланды, Хирш индексі-3.
1. Оқу орны: Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті
Мамандығы: Кәсіптік оқыту және арнайы техникалық пәндер
Бітірген жылы: 1999
Біліктілігі: инженер-педагог
2. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Технологиялық машиналар мен жабдықтар
Бітірген жылы: 2010
Біліктілігі: техника ғылымдарының магистрі
3. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Аграрлық техника және технология
Бітірген жылы: 2014
Біліктілігі: философия докторы (PhD)
Гранттар: республикалық, шаруашылық келісімшарттық, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаржыландыратын және халықаралық жобалар
1. «Қазақстанның ара шаруашылықтары жағдайында техникалық құралдарды жаңғырту жолымен ара ұясын пергаға және балауыз шикізатына өңдеудің қарқынды технологиясын әзірлеу». ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы.
2023–2025 жж. Жоба орындаушысы.
2. «Алматы облысы жағдайында жұмсақ полимерлі контейнерлерде ұсақталған өсімдіктерді вакуумдық тығыздау үшін техникалық құралдарды әзірлеу арқылы пішендемені дайындау және сақтау технологиясы». ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы. 2025–2027 жж. Жоба жетекшісі.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Rakhimberdiyeva Zh; Kaliyeva A; Aksoy A; Kassymbayev B; Medeuova G. Molecular Genetic Identificatin of Plants of the Genus Artemisia L. Growing in Southern Regions of Kazakhstan. Jordan Journal of Biological Sciences Open Access Volume 15, Issue 3, Pages 501 – 509 September 2022. CiteScore-2,0; процентиль-53.
2. Sagyndykova Zh., Nekrashevich V., Khazimov K., Kassymbayev B., Khazimov M. Research and development of essentials for silage preparation, transport and storage in flexible containers of optimal volume. Acta Technologica Agriculturae 2 Nitra, Slovaca Universitas Agriculturae Nitriae, 05.2021, pp. 72–78. CiteScore-2,5; percentile-57.
Сілтеме: DOI: https://doi.org/10.2478/ata-2021-0012
3. Duisenova Sh., Atykhanov A., Karaivanov D., Kassymbayev B., Kalym K., Sagyndikova A. Experimental Experimental Equipment for Investigation of Soybean Storage with Active Ventilation. Journal of Ecological Engineering. Year 2020/Volume 21/ Issue 3/ Page No. 117-127. CiteScore-2,7; percentile-54.
Сілтеме: DOI: https://doi.org/10.12911/22998993/118289
4. Kassimbekova M., Kaliyeva A., Kassymbayev, B., Medeuova G., Mamytova N. Biological features of medicinal plant elaeagnus rhamnoides growing at south-east of kazakhstan. Periodico Tche Quimica Open source preview, 2020, 17(36), страницы 334–345.
Сілтеме:DOI:https://journals.indexcopernicus.com/search/journal/issue?issueId=235408&journalId=33172
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Касымбаев Б.М., Хазимов К.М., Калым К, Жумагулов Ж.Б., Мустафин Ж.Ж. Жылыжай қондырғысының бөлігі ретінде гелиокептіру модулінің негізгі параметрлері мен жұмыс режимдерін негіздеу бойынша зерттеулер. ҚазҰАЗУ, Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. №1(105) 2025. - Алматы, – С. 390 - 401.
Сілтеме: DOI: https://doi.org/10.37884/1-2025/42
2. Касымбаев Б.М., Калым К, Ниязбаев А.К. Гелиокептіру модулінің кірісі мен шығысындағы ауа жылдамдығы мен кептіру агентінің шығынын анықтау. «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» Ғылыми журналы, ҚазҰАЗУ. №4 (104) 2024. - Алматы, – С. 422 - 433.
Сілтеме: https://doi.org/10.37884/4-2024/44
4. Дауренова И.М., Тойбазар Д.М., Сапарғали А.Ж., Хазимов М.Ж, Касымбаев Б.М., Чандра Б.Г. Қазақстандағы ара ұясын пергамент пен балауыз шикізатына өңдеудің тиімді технологиясы мен құралдары. ҚазҰАЗУ, «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» Ғылыми журналы, ҚазҰАЗУ. №2 (102) 2024, ISSN2304-3334, - Алматы, – С.523-534.
Сілтеме: https://doi.org/10.37884/2-2024/51
5. Калым К., Ибадулла У., Толунбеков Н, Касымбаев Б.М. Оралған пленкаларда пішендемені дайындау және сақтау технологиясы және орамдарды орауға арналған құрылғының параметрлерін негіздеу. «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» Ғылыми журналы, ҚазҰАЗУ. №1 (93) 2022, - Алматы, – С.111-118
Сілтеме: https://doi.org/10.37884/1-2022/14
6. Некрашевич В.Ф., Касымбаев Б.М., Хазимов К.М., Сагындыкова Ж.Б. Хазимов М.Ж. Жаңа шабылған жасыл шөпті ауа өткізбейтін пленкадан жасалған вакуумдалған жұмсақ контейнерлерде дайындау және сақтау. «Ізденістер, нәтижелер, Исследования, результаты» Ғылыми журналы, ҚазҰАЗУ. № 3, - Алматы, 2020.
7. Дуйсенова Ш.Т., Атыханов А.К., Караиванов Д.П., Касымбаев Б.М. Әртүрлі климаттық жағдайларда сақтау кезінде астық массасының өзгеруін зерттеу. ҚазҰТЗУ ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК КазНИТУ, №1 (137), 2020. – С.316-322. SSN1680-9211.
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
1. Касымбаев Б.М. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруге арналған полифункционалды гелиосушилка-жылыжайды зерттеу [Текст]: монография. / Б.М. Касымбаев; КеАҚ «КазҰАЗУ».- Алматы: Полиграфия, 2025.- 212 б. ISBN 978-601-368-061-3
1. Касымбаев Б.М. «Тракторлар мен автомобильдер» пәнінен зертханалық жұмыстар практикумы. Оқу құралы / Б.М. Касымбаев, Б.Е. Қашаган , Алматы қаласы, «Айтумар» баспасы, 2021ж. -132 б. ISBN 978-601-241-925-2
Сілтеме:http://lib.kaznaru.edu.kz/?sign=1&dbid=books&view=0&qsingle=QTMPFDF6D8B2A7DA45E295594A006E67BFNSCE79A631BA67249E1A7DA1286837&qword=%CA%E0%F1%FB%EC%E1%E0%E5%E2*
2. Касымбаев Б.М. Практикум по лабораторным работам по дисциплине «Тракторы и автомобили». Оқу құралы / Б.М. Касымбаев, Б.Е. Кашаган; ҚазҰАЗУ.- Алматы, «Айтумар» баспасы, 2021.- 128 б. ISBN 978-601-241-923-8
2. Касымбаев Б.М. Практикум по лабораторным работам по дисциплине «Тракторы и автомобили». Оқу құралы / Б.М. Касымбаев, Б.Е. Кашаган; ҚазҰАЗУ.- Алматы, «Айтумар» баспасы, 2021.- 128 б. ISBN 978-601-241-923-8
ПАТЕНТТЕР
1. Касымбаев Б.М., Хазимов М.Ж. және басқалары. Силос дайындау және сақтау әдісі. Өнертабысқа патент. Мем. тіркеу № 35668 (19) KZ (13) B (11). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК. Астана. 20.05.2022, бюл. №20.
2. Касымбаев Б.М., Хазимов М.Ж. және басқалары. Жемшөп жинайтын комбайнның силосқұбыры. Пайдалы модельге патент. Мемлекеттік тіркеу № 6308. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК.Астана. №32 – 13.08.2021
3. Касымбаев Б.М., Хазимов М.Ж. және басқалары. Су жылытатын қатты отын қазандығы. Пайдалы модельге ҚР патенті. Мемлекеттік тіркеу № 3368. ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті. Астана. 16.11.2018
4. Касымбаев Б.М., Атыханов А.К. Гелиокептіргіш. ҚР пайдалы модельге патенті. Мемлекеттік тіркеу №1318. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті. Астана. 16.07.2015.
4. Касымбаев Б.М., Юсупов Ж., Атыханов Е.А. Жемістер мен көкөністерге арналған гелиокептіргіш. ҚР Өнертабысқа авторлық куәлігі. Мемлекеттік тіркеу №26684. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті. Астана. 06.02.2013.
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Конференция материалдары
1. Мәлімбек Е.М., Касымбаев Б.М., Сапарбаев Е.Т., Даулетова Ж.И., Альчимбаева А.С. Тасымалдау-сақтау мен құю операциялары процесінде дизельдік отынның ластануы және жинақталу заңдылықтары. The 20th International scientific and practical conference “Technologies, innovative and modern theories of scientists” (May 23 – 26, 2023) Graz, Austria. International Science Group. 2023. ISBN – 979-8-88992-691-7. DOI – 10.46299/ISG.2023.1.20. 476-484 б.
2. Мәлімбек Е.М., Касымбаев Б.М., Ильямов Х.М., Күнтуғанқызы А., Сапарбаев Е.Т. Дизельдік отынды ластанудан құрама тазарту жүйесін негіздеу. The 21th International scientific and practical conference “Scientists and methods of using modern technologies” (May 30 – June 02, 2023) Melbourne, Australia. International Science Group. 2023. ISBN – 979-8-88992-686-3. DOI – 10.46299/ISG.2023.1.21. 488-497 б
Әдістемелік ұсынымдар
1. Касымбаев Б.М. KL 3271-"Көлік логистикасы" пәнінің дуалды оқыту бағдарламасы [Мәтін]: 6В11301-"Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" және 6В11302-"Логистика" (сала бойынша) білім беру бағдарламаларына арналған; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 15 б.
2. Жетпейсов М.Т., Жүнісбеков П.Ж., Ундирбаев М.С., Қасымбаев Б.М. 7М07104 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарға арналған педагогикалық және зерттеушілік практика бағдарламасы. Алматы, Айтұмар» баспасы, 2022ж.
2. Жетпейсов М.Т., Жунисбеков П.Ж., Ундирбаев М.С., Касымбаев Б.М. Программа педагогической и исследовательской практики для магистрантов, обучающихся по образоательной программе 7М07104 – «Транспорт, транспортная техника и технологии». Алматы, Издательство «Айтумар» , 2022г.
Бакалавриат:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сақтауды механикаландыру, Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы, Өзара ауыстырылымдылық, стандарттау және техникалық өлшемдер, Көлік техникасын жөндеу.
1. Педагогика және оқыту әдістері. ҚазҰАЗУ, 16.10.2023 – 31.10.2023, 72 сағат;
2. Жол қозғалысын жобалау және басқару. «CONSULTING COMPANY» оқу орталығы, 12.06.2023 – 24.06.2023, 72 сағат;
3. Жүктерді және жолаушыларды әртүрлі көлік құралдарымен тасымалдаудың тиімді тәсілдері. «RAMAZAN» оқу орталығы, 04.09.2023 - 15.09.2023, 72 сағат;
4. Тракторлар мен автомобильдер. «BIG» білім беру орталығы,14.08.2023 - 26.08.2023, 72 сағат;
5. "Көлік қызметтерін" дайындау бағыты бойынша онлайн-құзыреттілік және онлайн-оқыту әдістемесі саласында (Тараз өңірлік университеті. М. Х. Дулати, 19.06.2023 – 30.06.2023, 72 сағат;
6. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы (учебный центр «RAMAZAN», 02.12.2024 – 14.12.2024, 72 сағат;
7. Көлік логистикасы «RAMAZAN» оқу орталығы, 09.12.2024 – 21.12.2024, 72 сағат;
7. Жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру («Lawyers&Co» ЖШС, 26.05.2025 – 05.06.2025, 72 сағат;
8. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жəне сақтауды механикаландыру, ТОО РУЦ «ПАРАСАТ», 07.07.2025 –
19.07.2025. 72 сағат. Сертификат №009-07/2025;
9. Өзара ауыстырылымдылық, стандарттау жəне техникалық өлшемдер. ТОО РУЦ «ПАРАСАТ», 21.07.2025 – 07.08.2025, 72 сағат. Сертификат № 071-08/2025;
10. Көлік техникасын жөндеу жəне сенімділік. ТОО РУЦ «ПАРАСАТ», 04.08.2025 – 16.08.2025. 72 сағат; Сертификат № 072-08/2025
Караиванов Димитаръ - Химия-технологиялық және металлургия университетінің доценті (Болгария)
Scopus Author ID: 6603051896