
Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы – университет білім алушыларына оқу процесіне, әлеуметтік және әкімшілік мәселелерге қатысты барлық қызмет түрлерін бір жерден ұсынатын бірыңғай платформа. Орталықтың жұмысы білім алушылардың қажеттіліктеріне жедел және сапалы жауап беруге, университеттегі қызмет көрсету мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Мақсаты:
Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты – жұмысы білім алушыларға оқу және оқу үдерісіне байланысты қызметтерді тиімді, ашық және қолжетімді форматта ұсыну арқылы университет пен білім алушы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Міндеттері:
- Бір терезе қағидаты бойынша білім алушылардың өтініштерін қабылдап, оқу үрдісіне қатысты мәселелерді жедел шешу (оқуға қабылдау, диплом телнұсқасын қалпына келтіру, академиялық демалыс, ауысу және басқа рәсімдер).
- Білім алушылардың оқу, қаржы, жатақхана және әлеуметтік қолдау бағыттарындағы сұрақтарына кеңес беру және ақпараттық қолдау көрсету.
- Университеттің ішкі бөлімдерімен өзара іс-қимылды оңтайландырып, білім алушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру.
- Қызмет көрсету процесінде ашықтық, әділдік және клиентке бағытталған мәдениетті дамыту.
- Білім алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру арқылы университеттің беделін нығайту және білім алушылардың оқу ордасына деген сенімін күшейту.
- Қызметтерді сандық форматта ұсыну арқылы уақыт үнемдеу және білім алушылардың кез келген жерден онлайн өтініш беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Қызмет бағыттары:
- Академиялық мәселелер бойынша өтініштер қабылдау және анықтамалар беру;
- Құжат айналымын (өтініш, транскрипт, анықтама, дубликат т.б.) реттеу;
- Оқу үрдісіне қатысты ақпараттық кеңес беру;
- Білім алушылардың деректер базасын жүргізу;
- Электронды қызметтерді енгізу және жетілдіру.
Орталықтың басты ұстанымы:
Әрбір білім алушыға сапалы қызмет көрсету – біздің басты басымдығымыз.