«Қыз – нәзіктік пен парасаттың үйлесімі»
2026 жылғы 24–25 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария және зооинженерия факультетіне қарасты № 5 және № 9 студенттік жатақханаларда «Қыз – нәзіктік пен парасаттың үйлесімі» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы атынан Кобдикова Нурзила Карибасовна, Саримбекова Сауле Нургалиевна және Несипбаева Айгуль Кадировна арнайы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз балалардың бойындағы нәзіктік, әдептілік, парасаттылық пен адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларын еркін ортаға салып, қыз тәрбиесі, әдеп мәдениеті, ұлттық құндылықтар және қыз баланың қоғамдағы орны жөнінде пікір алмасты. Кездесу өзара сыйластық пен ашық диалог жағдайында өтіп, қатысушыларға тағылымды ой түйіп, құнды пікірлермен бөлісуге мүмкіндік берді.