«Заманауи білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында практикалық мастер-класс !

«Заманауи білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында практикалық мастер-класс !

2026 жылғы 26 қарашада «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің «IT-технологиялар» кафедрасында «Заманауи білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізілді.
Мастер-класстың негізгі мақсаты – студенттерге жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді, қауіпсіз және жауапкершілікпен қолдануды үйрету, ақпаратты тексеру дағдыларын дамыту және академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру.
Іс-шара барысында жасанды интеллекттің білім берудегі мүмкіндіктері қарастырылды. Студенттер сабақ материалын жоспарлау, күрделі тақырыптарды түсіндіру, тапсырмалар мен тест сұрақтарын дайындау, презентация құрастыру, мәтінді талдау және кері байланыс алу кезінде қолданылатын заманауи ЖИ құралдарымен танысты. ChatGPT, Google Gemini, Microsoft Copilot, NotebookLM, Perplexity, Canva AI, Gamma, Kahoot, Quizlet және Grammarly құралдарының оқу міндеттеріне сәйкес қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді.
Практикалық бөлімде студенттер командаларға бөлініп, дұрыс промпт құрастыру бойынша тапсырмалар орындады. Әр команда таңдалған тақырып бойынша қысқаша оқу материалын, бес слайдтан тұратын презентация және бес сұрақтық тест әзірледі. Дайын жұмыстардың мазмұны, түсініктілігі, ақпараттың дұрыстығы және оқу мақсатына сәйкестігі талқыланды.
Сонымен қатар жасанды интеллект ұсынған ақпаратты бастапқы дереккөздер арқылы тексеру, жеке және құпия мәліметтерді бөгде платформаларға енгізбеу, дайын мәтінді өз сөзімен түсіндіру және пайдаланылған ЖИ көмегін көрсету қажеттігі атап өтілді. Студенттер жеке деректерді қорғау мен академиялық адалдыққа қатысты жағдаяттарды талдап, қауіпсіз шешімдер ұсынды.
Мастер-класс барысында «ЖИ мұғалімді алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірталас, интерактивті тапсырмалар және «ЖИ-сарапшы» викторинасы өткізілді. Қатысушылар жасанды интеллекттің оқу үдерісін қолдайтын тиімді құрал екенін, ал алынған нәтижені тексеру мен соңғы шешім қабылдау адамның жауапкершілігінде қалатынын атап өтті.
Іс-шараға УВР-26-03К және АиУ-26-01К топтарының бірінші курс студенттері қатысты. Мастер-классты «IT-технологиялар» кафедрасының оқытушылары Майлыханова Б.А. және Темір Н.К. ұйымдастырып, өткізді. Аталған мастер-класс студенттердің жасанды интеллект құралдарын оқу мен зерттеу жұмысында саналы пайдалану, нақты сұраныс құрастыру, ақпараттың дұрыстығын бағалау, жеке мәліметтерді қорғау және академиялық адалдық талаптарын сақтау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник