2026 жылғы 25 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Ветеринария және зооинженерия" факультетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Адал азамат – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» тақырыбында танымдық-мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, тәуелсіздіктің тарихи маңызын ұғындыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Бағдарлама барысында Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен азаттық үшін күрескен тұлғалардың ерлігі сөз болды. Студенттер дайындаған шығармашылық қойылымдар мен мазмұнды баяндамалар мерекелік жиынның мазмұнын толықтырды.

Іс-шараға факультет деканының орынбасары Спатай Нұрадил Нұрбекұлы, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры Құлатаев Бейбіт Тұрғанбекұлы, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі  Тоқаева Мереке Орыспаевна және профессор оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Жиын барысында қатысушылар жастардың сапалы білім алып, қоғамға пайдалы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеп, студенттердің тарихи танымын кеңейтуге, ұлттық рухын көтеруге және ел болашағына деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник