KazNARU-да «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДА!» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

KazNARU-да «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДА!» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

KazNARU-да «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің білім алушыларына арналған «Есірткісіз өмірді таңда!» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.
«Өмірді таңда» қоғамдық қорының лекторы Гүлнұр Сәлем есірткіге тәуелділіктің туындау себептері, оның психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік салдары туралы кеңінен баяндады. Спикер жастарды теріс ықпалдарға қарсы тұруға, өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарап, саналы таңдау жасауға шақырды.
Іс-шараға университеттің Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологтер, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын дәріптеу.
KazNARU заң үстемдігін, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін дәріптей отырып, жастардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник