Цифрлық қауіпсіздік мәдениеті: жеке деректерді қорғау және киберқауіптерден сақтану

Цифрлық қауіпсіздік мәдениеті: жеке деректерді қорғау және киберқауіптерден сақтану

2026 жылғы 23 қарашада сағат 12:10-да «Су ресурстары және IT-технологиялар» факультетінің «IT-технологиялар» кафедрасында «Цифрлық қауіпсіздік мәдениеті: жеке деректерді қорғау және киберқауіптерден сақтану» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы түсініктерін қалыптастыру және жеке деректерді қорғау дағдыларын дамыту.

Кездесу барысында интернет-алаяқтық, фишинг, жалған сілтемелер мен кибершабуылдардың негізгі түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты қорғау, күрделі әрі сенімді құпиясөздерді пайдалану, екі факторлы аутентификацияны іске қосу және күмәнді интернет-ресурстарды анықтау жолдары қарастырылды.

Студенттерге жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдалану, жеке және құпия ақпаратты бөгде платформаларға енгізбеу, сондай-ақ цифрлық ортада ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде практикалық ұсынымдар берілді.

Іс-шараға ВТ-26-01К(Т), ИС-24-08Р және ИС-25-05К(Т) топтарының студенттері қатысты. Кездесуді «IT-технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Медетбаева С.А., Унайбаева Р.К. және Нұржаубаева Р.Б. ұйымдастырып, өткізді.

Аталған іс-шара студенттердің киберқауіптер туралы білімін толықтырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету, жеке деректерін қорғау және цифрлық технологияларды саналы пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник