30 қазанда 8D081 «Өсімдік шаруашылығы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғаулар өтті
2026 жылғы 30 қазанда сағат 11:00-де және 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 «Өсімдік шаруашылығы» (6D080800 – Топырақтану және агрохимия; 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 – Топырақтану және агрохимия; 8D08104 – Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Айтымбет Жанкелдының «Өнеркәсіптік бақтар мен алма ормандарының микоздары және олардың Қазақстанның оңтүстік-шығысында зияндылығын төмендету жолдары» және Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаевичтің «Алманың негізгі зиянкестеріне қарсы биологиялық күрес шараларын әзірлеу» тақырыптарындағы 8D08104 – «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы және мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D081 «Өсімдік шаруашылығы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 14, 15 хаттамалары негізінде Айтымбет Жанкелдыға және Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаевичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.