🇰🇿 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ
Бүгін, 22 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 25 қазан – Республика күніне орай дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Мереке қарсаңындағы игі бастама университет қызметкерлеріне қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеде жылқы, сиыр және қой еті, сүрленген ет, шұжық өнімдері мен мұздатылған балық котлеттері ұсынылды. Қызметкерлер өнімдерді нарықтағыдан төмен бағамен сатып алды.
Сүт өнімдерінің де түр-түрі сатылымға шығарылды. Құрт, айран, қымыз, қарын май, ірімшік секілді табиғи өнімдермен қатар, алма, банан, мандарин, қызанақ, қияр және басқа да жемістер мен көкөністер көпшілікке ұсынылды.
Жәрмеңке ұжым мүшелерінің басын қосып, еркін пікір алмасуына және мерекелік көңіл күйді бөлісуіне жағдай жасады.
Қызметкерлер университет басшылығы мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, осындай жәрмеңкелердің алдағы уақытта да тұрақты өткізілуіне тілектестік танытты.