KazNARU-да «РЕСПУБЛИКА – ЕЛДІГІМНІҢ ЕҢСЕСІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

KazNARU-да «РЕСПУБЛИКА – ЕЛДІГІМНІҢ ЕҢСЕСІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

2026 жылғы 21 қазанда KazNARU-дың Ветеринария және зооинженерия факультетінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Республика – елдігімнің еңсесі» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Іс-шара барысында Республика күнінің тарихи маңызы мен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері таныстырылды. Студенттер отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін концерттік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік жиынға университет профессоры Бейбіт Құлатаев, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі Мереке Тоқаева және Жастар ісі жөніндегі басқарманың жетекші маманы Әбдіхалық Еркебай қатысты.

Қонақтар студенттерді сапалы білім алуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және ел дамуына үлес қосуға шақырды. Жиын жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға, ел тарихына қызығушылығын арттыруға және отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник