ГЕРМАНИЯНЫҢ ЛЕЙБНИЦ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН KazNARU АРАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСУДА
2026 жылғы 25 қыркүйек — Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні

ГЕРМАНИЯНЫҢ ЛЕЙБНИЦ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН KazNARU АРАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСУДА

KazNARU-да Ганновердегі Лейбниц атындағы университетінің (Leibniz University Hannover, LUH) студенттері мен магистранттарына арналған ғылыми-оқу бағдарламасы өтіп жатыр. 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығына жоспарланған бағдарламаға LUH Жаратылыстану ғылымдары факультетінің 14 студенті қатысуда. Олар Water–Soil Nexus пәнаралық тәсілі аясында «су – топырақ, өсімдік жамылғысы, жерді пайдалану» жүйесіндегі өзара байланыстарды зерттеп жатыр.

Зерттеу жұмыстарына LUH Жер жүйесі ғылымдары институтының профессоры Георг Гуггенбергер және KazNARU-дың «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Айнұр Алдиярова жетекшілік етеді. Бағдарлама су және топырақ ресурстарын тұрақты басқару, жердің тозуын болдырмау, ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу және суды тиімді пайдалану мәселелерін қамтиды.

Бағдарлама қатысушылары KazNARU-дың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысып, Су сапасын бақылау зертханасына, Қазақстан–Қытай халықаралық бірлескен зертханасына, Гидрология және гидротехникалық инженерия зертханасына, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы дрондарының ғылыми-білім беру зертханасына барды.

Студенттерге су мен топырақты бақылаудың заманауи әдістері, гидрологиялық және гидротехникалық зерттеулер, су үнемдеу технологиялары және ауыл шаруашылығында ұшқышсыз жүйелерді қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.

Ғылыми-оқу бағдарламасы теориялық дайындықты тәжірибелік және далалық зерттеулермен ұштастырады. Сонымен қатар екі университеттің студенттері, оқытушылары мен ғалымдары арасында білім және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл бастама KazNARU мен Ганновердегі Лейбниц атындағы университеті арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласында мамандар даярлауға бағытталған.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник