KazNARU-да КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

KazNARU-да КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2026 жылғы 23 қыркүйекте KazNARU-да Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» Тіл апталығы аясында «Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгей (В2-1)» оқу құралының таныстырылымы өтті. Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және тіл саласының мамандары қатысты.

Жаңа оқу құралы қазақ тілін кәсіби бағытта тереңдетіп оқытуға, білім алушылардың салалық терминологияны меңгеруіне және мемлекеттік тілдегі кәсіби коммуникациясын дамытуға бағытталған. Еңбектің негізгі мақсаты – аграрлық салаға тән кәсіби жағдаяттарда қазақ тілін еркін әрі сауатты қолдана алатын мамандар даярлауға ықпал ету.

Таныстырылымда KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлмира Алпысбаева оқу құралының маңызына тоқталды. Тілдер кафедрасының меңгерушісі Бақыт Жонкешов қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудағы салалық терминологияның рөлін атап өтті. Оқу құралының авторлары Сәуле Итегулова мен Баян Оспанова еңбектің мазмұны, құрылымы және әдістемелік ерекшеліктерін таныстырды. Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт Қапалбек, Сәтбаев университетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі Алмас Үдербаев және Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ерлан Қасен оқу құралының өзектілігі мен білім беру үдерісіндегі әлеуеті жөнінде пікір білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылар кәсіби қазақ тілін оқыту мен салалық терминологияны дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау қорытындысында айтылған пікірлерді ескере отырып, оқу құралын білім беру үдерісіне енгізу және оның келесі деңгейін әзірлеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру көзделді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник