ХАБАРЛАНДЫРУ! 2026 ЖЫЛҒЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚАҚЫЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯЛАР АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 148) тармақшасының негізінде ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
Ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген:
https://prg.kz/document/?doc_id=39878251
-
жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлықақы;
-
гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлықақы;
-
педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлықақы;
-
түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлықақы;
-
жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлықақы;
-
гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлықақы;
-
75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық төрт жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.
Конкурс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізіледі, оның ішінде:
«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығы:
https://prg.kz/document/?doc_id=31989920
«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарын және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 бұйрығы:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/1066760?lang=kk
«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығы:
https://prg.kz/document/?doc_id=35716316
Ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылатын жұмыстарды қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
ӨТІНІШ БЕРУ:
Сыйлықақылар:
https://astanahub.com/ru/l/awards
Стипендиялар:
https://astanahub.com/ru/l/scholarships
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.
ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚАҚЫЛАРДЫ АЛУҒА ҮМІТКЕРЛЕР ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
-
монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
-
жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (жарты баспа беттен аспауы тиіс);
-
жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
-
сыйлықақы алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
-
сыйлықақы алуға кандидаттың шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
-
конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
-
енгізу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
-
қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықақы алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯЛАРДЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
-
ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);
-
мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
-
мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың соңғы бес жылдағы (конкурс жарияланған жылды есепке алмағанда) ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы;
-
енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда);
-
ғылыми жобалар мен бағдарламаларға жетекшілік еткенін растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
-
Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлауды растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия үміткерлер үшін талап етілмейді);
-
халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия үміткерлер үшін ғана);
-
қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шоты туралы хабарлама.
Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады.
Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.
Монографияларда, монография бөлімдерінде, мақалалар мен шолуларда үміткерлер аффилиация ретінде Қазақстан ұйымын немесе Қазақстан Республикасын көрсетуі тиіс.
Монографияның, оның ішінде бөлім жарияланған монографияның да, қысқаша сипаттамасы мен мазмұны ресми веб-сайтта орналастырылып, оны қайдан сатып алуға немесе оқуға болатыны туралы ақпарат қолжетімді болуы қажет.
БАЙЛАНЫС ҮШІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:
+7 727 338 24 49
+7 700 048 37 36
+7 705 731 29 99
+7 707 128 00 34
«Astana Hub» цифрлық жүйесінің техникалық қолдауы
(ақпараттық жүйемен байланысты мәселелер бойынша):
+7 777 522 02 47
1818