KazNARU-да «ШИН-ЛАЙН» КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

KazNARU-да «ШИН-ЛАЙН» КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында «Шин-Лайн» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Практика және жұмысқа орналасу бөлімінің бастығы Б.Д. Есимова, кафедра меңгерушісі Л.А. Мамаева, сондай-ақ кафедраның 1–2 курс докторанттары мен білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында «Шин-Лайн» компаниясының бизнес-тренері Антон Лавриненко дәріс оқып, заманауи тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс ерекшеліктері туралы баяндады. Спикер еңбек нарығының жас мамандарға қоятын талаптарына, саланың қазіргі даму үрдістеріне және кәсіби біліктілікті арттыру үшін қажетті негізгі дағдыларға тоқталды.

Білім алушылар өндірістік практикадан өту шарттары, өнім сапасын бақылау үдерістері және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша сұрақтар қойып, компания өкілінен нақты жауаптар алды.

Мұндай кездесулер білім алушылардың өндірістік орта туралы түсінігін кеңейтіп, теориялық білімін практикамен ұштастыруға және болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік береді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник