KazNARU-да ЖАСТАР ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

KazNARU-да ЖАСТАР ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

2026 жылғы 5 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Жастар және конституциялық реформалар: ашық диалог» тақырыбында заңгерлер мен студенттердің қатысуымен Public Talk форматындағы кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру және құқықтық мәселелер бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік жасау.

Кездесудің модераторы – «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Алия Кошкинбаева жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда ашық пікір алмасудың маңыздылығына тоқталып, мұндай кездесулердің студенттердің азаматтық белсенділігін арттырудағы рөлін атап өтті.

Кездесу ашық диалог, еркін әңгімелесу форматында өтіп, студенттердің сұрақтарына «Құқық» кафедрасының аға оқытушылары, заң ғылымдарының кандидаттары Егемберди Абилкасымов пен Нургуль Байгелова кәсіби тұрғыда жауап берді. Конституциялық реформалардың құқықтық негіздері мен қоғам дамуындағы маңызы талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі рөлі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігі және азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен сөз қозғалды.

Өз кезегінде Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаменттің әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Максат Иманбеков жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және құқықтық жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.

Құқық саласының кәсіби мамандары қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник