KazNARU-да «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ

KazNARU-да «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ

2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-де «Су ресурстары және IT-технологиялары» факультетінің фойесінде «Кітап оқитын ұлт – озық ұлт» кітап оқу марафонының ашылуы өтеді.

Марафонның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық және әлем әдебиетін насихаттау, университет қауымдастығының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуды күнделікті пайдалы әдетке айналдыру.

Ұйымдастырушы: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасы.

Кімдер қатыса алады?

Марафонға:

  • профессор-оқытушылар құрамы;
  • докторанттар;
  • магистранттар;
  • студенттер;
  • университет қызметкерлері қатыса алады.

Қатысу шарттары

Қатысушы кітапхана немесе электрондық кітапхана қорынан өзіне ұнаған кітапты таңдап оқиды.

Оқылған кітап бойынша қатысушы жазбаша пікір немесе рецензия ұсынады. Интернеттен көшірілген немесе басқа тұлғалар дайындаған мәтіндерді пайдалануға жол берілмейді.

Қатысушылардың нәтижелері ай сайын есепке алынып, жинаған балдары бойынша рейтинг жасалады. Марафон қорытындысында барлық айлардың нәтижелері жинақталып, қорытынды рейтинг шығарылады.

Нәтижелерді талдау және үздік қатысушыларды анықтау арнайы комиссия арқылы жүзеге асырылады.

Бағалау жүйесі

Қатысушының ең жоғары нәтижесі – 100 балл.

Бағалау кезінде:

  • 1–4 кітап оқу – 5 балл;
  • 5–7 кітап оқу – 10 балл;
  • 8–10 кітап оқу – 20 балл;
  • 15 және одан көп кітап оқу – 30 балл;
  • оқылған кітап бойынша жазбаша пікір/рецензия жазу – 10 балл;
  • кітап бойынша бейнерецензия немесе бейнетаныстырылым әзірлеу – 10 балл;
  • ғылыми әдебиет немесе монография оқып, пікір жазу – 10 балл;
  • марафон аясындағы іс-шараларға қатысу – 5 балл.

Марапаттау

Ай сайын ең көп балл жинаған қатысушылар анықталып, рейтинг жарияланады.

Марафон қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Үздік оқырмандар келесі номинациялар бойынша анықталады:

«Кітап оқитын оқытушы»
«Кітап оқитын докторант»
«Кітап оқитын магистрант»
«Кітап оқитын студент»
«Кітап оқитын қызметкер»

Балл саны тең болған жағдайда оқылған кітап саны мен кітапханаға келу белсенділігі ескеріледі.

Марафонға қатысушыларға отандық авторлардың шығармалары, әлем әдебиеті, заманауи туындылар және ғылыми әдебиеттерден құралған арнайы кітаптар тізімі ұсынылады.

Ашылу күні: 25 қыркүйек 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: «Су ресурстары және IT-технологиялары» факультетінің фойесі

Кітап – кемелденудің кілті!

KazNARU қауымдастығын «Кітап оқитын ұлт – озық ұлт» кітап оқу марафонына белсенді қатысуға шақырамыз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник