KazNARU-ДА HUAWEI ӨКІЛІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

KazNARU-ДА HUAWEI ӨКІЛІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы қыркүйек - Ұлттық киберқауіпсіздік айы. Осы бастама аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті.

Іс-шараны Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті мен университеттің цифрлық офицері бірлесіп ұйымдастырды. Арнайы қонақ ретінде Huawei компаниясының Алматы қаласы бойынша өкілі Темірлан Жақсылықов қатысты.

Кездесуде жеке деректерді қорғау, кибершабуылдардың алдын алу, күрделі құпиясөздерді пайдалану, күмәнді сілтемелерден сақтану және цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет ету мәселелері талқыланды. Спикер киберқауіпсіздік тек IT-мамандарына ғана емес, цифрлық технологияларды пайдаланатын әрбір адамға қатысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар студенттер Huawei компаниясының халықаралық олимпиадалары, байқаулары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алып, IT саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник