2025 ЖЫЛДЫҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазводхоз» ШЖҚ РМК су саласы мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары өтті (бірінші лек – 2025 жылғы 6–11 қазан аралығында, екінші лек – 13–17 қазан аралығында). Курс бағдарламасы: «Қазақстандағы су ресурстарын басқару, суарылатын жерлерді мелиорациялау және гидротехникалық құрылыстардың жұмыс сенімділігі» деп аталды.

Біліктілікті арттыру курсының тақырыптары ҚР су саясатының негіздерін, су ресурстарын интеграцияланған басқару (ИСРБ) бойынша ұйымдастырушылық, нормативтік-құқықтық, экономикалық және тарифтік мәселелерді, су шаруашылығындағы экономика мен менеджментті, су үнемдеу мәселелері мен шешу жолдарын, гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды, сондай-ақ оросительдік жүйелердегі заманауи цифрлық технологиялар мен жаңа су есептегіш құралдарды қамтыды.

  • Бірінші лекке «Қазводхоз» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының:
    • Батыс Қазақстан филиалынан – 9 адам,
    • Ақмола филиалынан – 13 адам қатысты. Барлығы: 22 адам.
  • Екінші лекке (13–17 қазан аралығында) су шаруашылығы мамандары үшін өткізілген курстарға қатысқандар:
    • Солтүстік Қазақстан филиалы – 5 адам,
    • Шығыс Қазақстан филиалы – 5 адам,
    • Батыс Қазақстан филиалы – 9 адам,
    • «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы – 10 адам,
    • Абай облысы – 5 адам. Барлығы: 39 адам.
    • «Қазводхоз» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдарынан барлығы жиыны 61 тыңдаушы білім алды.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту үшін «Д. Қонаев атындағы БАК» РМК су шаруашылығы объектілері – Шелек бас гидроторабында болып қайтты. Курс соңында арнайы сертификаттар берілді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник