ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «ДАЛА КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «ДАЛА КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

11.06.2026 күні ИРН АР22685329 «Цифрлық технологиялар негізінде су объектілерін мониторингілеу технологиясын жетілдіру және суару жүйелерінде суды есепке алу үшін қашықтан басқару құрылғысын әзірлеу» жобасының нәтижелері бойынша «Дала күні» семинары өткізілді. Жоба жетекшісі, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының PhD аға оқытушысы Ұ.Қ. Оңласын және жобаның ғылыми кеңесшісі, «ТИИАШМИ» кафедрасының профессоры И.С. Сейтасанов Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек өзеніндегі Қонаев атындағы БАК Бас су алу торабында орналасқан  «Малыбай-1» каналының су өлшеу бекетінде дала жағдайында жедел, қашықтықтан және автоматтандырылған түрде су есебін жүргізуге арналған ҚазҰАЗУ-дың жаңа “Суару жүйелері каналдарындағы суды бақылау және өлшеуге арналған құрылғысының”  жұмысын көрсетті.

«Дала күні» аясында суғару жүйелердегі суды есепке алудың заманауи технологиялары, цифрлық мониторинг, автоматтандырылған басқару жүйелері, мелиоративтік каналдардағы суды жедел есепке алуға арналған жаңа приборды тәжірибеде қолдану және су пайдаланушы мамандардың пайдалануы, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселелері қарастырылды. Іс шараға «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» ШЖҚ РМК мамандары, «Су ресурстары және мелиорация» бағыты бойынша «Жазғы мектеп-2026» қатысушылары – магистранттар мен студенттер, сондай-ақ кафедра қызметкерлері қатысты.

 

                    

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник