«Smart Agroscience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» халықаралық конференциясы аясында «Су ресурстары және IT технологиясы» секциясы өтті

«Smart Agroscience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» халықаралық конференциясы аясында «Су ресурстары және IT технологиясы» секциясы өтті

 

05-06 мамыр күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен «Smart Agroscience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» халықаралық конференциясы аясында «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің «Су ресурстары және IT технологиясы» секциясы бойынша ғылыми баяндамалар талқыланды.

Конференция барысында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары мен мамандары су ресурстарын тиімді пайдалану, гидродинамикалық модельдеу, суармалы жерлерді оңтайландыру, цифрлық технологиялар, SCADA жүйелері, қашықтықтан зондтау, геоақпараттық талдау және мәліметтерді өңдеу бағыттарында баяндамалар жасады.

Атап айтқанда, «География және су қауіпсіздігі институты», «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Казгипроводхоз» жобалау институты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің өкілдері өз ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Секция отырысы барысында комиссия мүшелері баяндамашыларға тақырып бойынша сұрақтар қойып, ғылыми пікірталас ұйымдастырды. Қатысушылардың ғылыми ізденістері, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы және инновациялық тәсілдерді қолдануы жоғары бағаланды.

Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамалар анықталып, жүлделі орындар берілді:

І орын:

  • Клочко Вадим Юрьевич – «Арналық процестерді гидродинамикалық модельдеу»

ІІ орын:

  • Якунин Андрей Александрович – «Білім беру процесінде SCADA-жүйесін қолдану»
  • Медеу Ақназар Али-Ханұлы – «Есіл өзені бассейнінің экстремальды ағындысын бағалау: статистикалық сипаттамалар мен есептік мәндер»

ІІІ орын:

  • Орынбасар Ізбасар Орынбасарұлы – «Сырдария бассейніндегі өзен ағынын болжау үшін трансформерлік және ансамбльдік оқыту архитектураларын салыстырмалы талдау»
  • Салекеева Гүлжанат Сағынбаевна – «Қашықтықтан зондтау және геокеңістіктік талдау негізінде суармалы жерлердің су тұтынуын бағалау»
  • Абдрасилов Бақдәулет Бахытжанұлы – «Кеңейтілмелі контентті басқару жүйесі бар модульдік білім беру веб-платформасының архитектурасын әзірлеу»

Аталған секция су ресурстарын басқару мен цифрлық технологияларды дамыту саласындағы өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Конференция жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және инновациялық идеяларды дамытуға мүмкіндік берді.

Оңласын Ұлжан Қуанышбекқызы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник