KazNARU УНИВЕРСИТЕТІНДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

KazNARU УНИВЕРСИТЕТІНДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Наурыз – көктемнің келуі мен жаңа жылдың басталуын білдіретін, халқымыздың сан ғасырлық тарихымен сабақтасқан, тағылымы мол ұлттық мереке.
Мереке аясында университет алаңында киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы кеңістік қалыптастырылды. Ұлттық киім киген қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, қазақтың дәстүрлі тағамдарын ұсынып, салт-дәстүрлерді жаңғыртты.
Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі – ұлттық спорт түрлері болды. Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ халқының дәстүрлі ойындары кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, қазақ күресі, қол күресі, серке көтеру сияқты жарыстар қатысушылардың күш-қайраты мен төзімділігін сынаса, арқан тарту сайысы командалық бірлікті нығайтатын тартысты бәсекеге айналды.
Ұлттық спорт түрлеріне студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, өзара жарысқа түсті. Бұл өз кезегінде жастарды салауатты өмір салтына баулуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болды.
Осындай мазмұнды мерекелік іс-шаралар арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұлттық рух нығая түседі.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник