Алматыда ЖОО өкілдерімен ESG мақсаттарына қол жеткізу бойынша кездесу өтті
2026 жылғы 8 сәуірде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (ЦРА) алаңында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдерімен ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) мақсаттарына қол жеткізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға қаладағы 10-нан астам жоғары оқу орнының өкілдері мен Орталық мамандары қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға және тұрақты даму бағытында бірлескен тәсілдерді қалыптастыруға бағытталды.
Қатысқан сарапшылар қатарында:
-
Айжан Избасарқызы Жүсіпова — PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ молекулалық биология және генетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
-
Әлімшан Файзулаев — PhD, BCB зерттеу директоры (2025–2026), KIMEP қауымдастырылған профессоры;
-
Гүлшат Алтаевна — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілі;
-
Гүлзия — Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің өкілі;
-
Диляра Урманова — Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры;
-
Жаннура Манапбаева — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі ТДМ интеграциялау орталығының директоры;
-
Зейнолла Сауле Жанатовна — Қазақстан-Неміс университеті және Enactus Kazakhstan өкілі;
-
Бакирова Күлжахан Шаймерденқызы — Абай атындағы ҚазҰПУ жаратылыстану және география факультетінің профессоры, «Аяла» экоклубының мүшесі;
-
Майя Суюнчалиева — ҚазҰАЗУ Жасыл және тұрақты даму институтының жетекші маманы;
-
Төлеген Әлия Төлегенқызы — Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дизайн» кафедрасының оқытушысы;
-
Гумарова Тұрсынгүл Ахмедьяровна — Нархоз университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты.
Кездесу барысында қатысушылар жоғары оқу орындарындағы тұрақты даму бастамаларын талқылап, ESG қағидаттарын енгізудегі негізгі кедергілерді қарастырды, сондай-ақ тәжірибе алмасып, ұсыныстарымен бөлісті.

Университеттер мен ЦРА арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және ESG жобаларын іске асыру үшін серіктестік экожүйе қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Формалды презентацияларсыз өткен кездесу мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік беріп, қатысушыларға нақты ұсыныстар әзірлеуге және алдағы ынтымақтастық бағыттарын айқындауға жағдай жасады.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ алдағы уақытта да сараптамалық диалогты дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.