KazNARU-да ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ ОРАЙ СӘНДІ ДЕФИЛЕ ӨТТІ

2026 жылғы 18 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған сәнді дефиле жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Салтанатты іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, сондай-ақ проректорлар, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Сән көрсетілімі барысында қатысушылардың образдары арнайы номинациялар бойынша сараланып, үздіктерге раушан гүлдерінен жасалған әсем букеттер, сондай-ақ университеттің брендтік шопперлері мен кружкалары салтанатты түрде табысталды.
Дефиле аясында камзол, шапан, тақия сынды қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілері кеңінен таныстырылып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Әрбір образ халқымыздың бай мәдени мұрасы мен нәзік эстетикалық талғамын айқын көрсетіп, ұлттық болмыстың терең мазмұнын аша түсті.
Ұлттық нақыштағы сән үлгілері ата-баба дәстүрінің сабақтастығын дәріптеп, рухани құндылықтардың маңызын сезіндіруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың санасында төл мәдениетке деген құрметті арттыруға ықпал етуде.
Мерекелік дефиле университет ұжымының бірлігі мен рухани жаңғыруға деген ұмтылысын айқындап, Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсті.
Университет қабырғасында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өз жалғасын таба бермек. Мұндай тағылымды бастамалар арқылы ұлттық болмыс жаңғырып, дәстүр мен мәдениет құндылықтары кеңінен дәріптеле береді.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)



.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)