KazNARU СТУДЕНТІ ҚАЛАЛЫҚ «ТОҒЖАН ІЗІМЕН…» ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қатысуымен өткен қалалық «Тоғжан ізімен…» қыз сыны байқауында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің дарынды да, белсенді студенті, «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің 2-курс студенті Нұржұман Райхан жүлделі III орынға ие болды.
Байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, Абайдың жастық шағындағы символдық бейне – Тоғжанның парасаты мен инабатын қазіргі қазақ қыздарының бойынан танытуды мақсат етті. Шараны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Филология» факультеті жоғары деңгейде өткізді.
Таланатты аруымыз Райхан – университет өміріне белсене араласып, ғылыми-танымдық және өнер шараларына тұрақты қатысып жүрген қабілетті студент. Білімге құштарлығы мен жан-жақтылығының арқасында бұл байқауда да өз дарынын көрсетіп, гуманитарлық бағыттағы қатысушылар арасынан суырылып алға шықты.
«Тоғжан ізімен…» байқауы ұлы ақынның шығармашылық әлемін терең танытып, Тоғжан бейнесінің Абай өміріндегі рухани маңызын ашуға бағытталған маңызды жоба болды. Шара жас буынға ұлттық әдеби мұраның тәрбиелік мәнін сезінуге, қазақ қыздарына тән парасат пен мәдениетті ұғынуға мүмкіндік беріп, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашты.
Нұржұман Райхан байқаудың барлық кезеңінде өз білімін, өнерін, талғамын және ұлттық құндылыққа деген құрметін айқын көрсетіп, әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Университетіміздің атын асқақтатқан студентімізге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Алар асуларың мен шығар биігін көп болсын Райханжан!
KazNARU Баспасөз қызметі



.jpg)



