KazNARU

KazNARU ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2025 жылдың 20 маусымында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2025-2026 оқу жылына Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в,ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов Қабылдау комиссиясының жұмысын аша отырып, ғасырға жуық тарихы бар жоғары оқу ордасының «цифрлық университетке» айналдыру бағытындағы қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

✅ «Біз университет басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының бастамасымен әлемдік деңгейдегі озық білім беру бағдарламаларын енгізуді басты мақсат тұтамыз және инфрақұрылымды дамытуды ерекше назарда ұстаймыз. Халықаралық қауымдастықта 180-нен астам жетекші университетпен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен келісімдерге қол қойдық. Шетелдік серіктестермен бірлесе отырып – "Цифрлық зертхана", "Ақылды ауыл шаруашылығы», «Су ресурстарын интеллектуалды басқару», «Агросектор үшін дрондарын пайдалану және оқыту», Жасанды интеллект инновациялық технологияларды үйрету сияқты т.б. бірқатар орталықтар ашылды. Ғылыми зерттеулер жүргізуде және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауда бұл қадамдар маңызды рөл атқаратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Алдағы оқу жылында отандық білім алушылармен қатар, шетелдік студенттердің санын да екі есеге көбейту жоспарлануда. Сіздердің осы игі мақсаттағы үлкен жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Бүгінгі таңда KazNARU QS World University Rankings 2026 рейтингісінде Қазақстанның үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарына еніп отыр. Бұл біздің оқу ордамыз үшін үлкен жетістік!

✅ Биылғы оқу жылында аса жоғары бәсекелестік жағдайында өткен халықаралық рейтингте 106 елден 8467 ЖОО бақ сынады. Оның тек 1501 қорытынды тізімге енгізілді – KazNARU өзі жинаған интегралдық балл бойынша 18,8-ден 25,1-ге дейін көтеріліп, халықаралық талаптарға сай оқу сапасына қол жеткізу, цифрлы университет құру бағытындағы абырой-беделінің нығайып келе жатқанын дәлелдеді.

✅ KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, биотехнология, ветеринария, IТ-технология, орман және балық шаруашылығы, экология, табиғат ресурстарын пайдалану, энергетика, логистика, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.

✅ KazNARU студенттері Wageningen University (Нидерланды), Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Малайзияның Паханг университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті, Эмираттағы Американдық Университет, Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындарында қатар оқу арқылы халықаралық стандарттық үлгідегі екі диплом алу мүмкіндігіне ие.

✅ KazNARU - жетекші 4 ғылыми-зерттеу институты мен бір тәжірибелік шаруашылықта дуалды білім беруді жүзеге асырған бірегей зерттеу университет.

✅ Әскери кафедрада запастағы офицерлер мен сержанттар даярланады.

✅ KazNARU студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз университет.

✅ Құрметті талапкерлер! Біздің білім беру бағдарламасын таңдау арқылы – өз болашағыңды таңдайсың!

✅Қабылдау комиссиясының есігі сіздер үшін әрқашан ашық!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник