KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «IMD Company» ЖШС КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНАЛДЫҚ КЕШЕНІНДЕ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультеті И.В.Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының ұйымдастыруымен бір топ студент өндірістік практика аясында «IMD Company» ЖШС-нің көлік-логистикалық терминалдық кешеніне оқу-танымдық экскурсияға барып қайтты.

✅ 6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және 6В11302 – Логистика (сала бойынша) білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 2 – 3 курс студенттерін кафедра меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Марат Кенжалыұлы бастап барды. Сондай-ақ, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мизамбек Төкенұлы, инженер Еламан Русланұлы студенттерге жетекшілік жасады.

✅ «IMD Company» ЖШС – заманауи көлік-логистикалық қызмет түрлерін кешенді түрде ұсынатын жетекші кәсіпорындардың бірі. Экскурсия аясында компанияның өндірістік директоры Ардақ Саматұлы студенттерге логистикалық тізбектің ұйымдастырылу барысы, жүктерді қабылдау мен тиеу-түсіру үдерістері, контейнерлік тасымалдарды басқарудың заманауи әдістері мен ақпараттық жүйелердің қолданылуын түсіндіріп, өндірістік жағдайда нақты қолдануын көрсетті.

✅ Сонымен қатар, студенттер Atasu Group компаниясының заманауи инфрақұрылымымен, оның ішінде арнайы контейнерлік алаңдарда, жабық және ашық қоймаларда, уақытша сақтау қоймаларында жүзеге асырылатын жүк сақтау және өңдеу технологиялық процестерімен жан-жақты танысты.

✅ Аталған іс-шара студенттердің теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастыруына, логистикалық процестердің нақты жұмыс барысымен танысуларына және болашақ маман ретіндегі кәсіби бағыт-бағдарын нығайтуына мүмкіндік бергені анық.

✅ Ардақ Саматұлы университетпен тұрақты ынтымақтастық орнатуды ұсына отырып, оқу ордасын бітіруші білікті жас мамандарды болашақта компанияға жұмысқа қабылдау мәселесін қарастыруға дайын екендігін атап өтті. Өз кезегінде мұндай қолдау – студенттердің еңбек нарығында өз орнын табуына және мансап жолын бастауына зор ықпалы болмақ.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник