KazNARU

Университет мүлкі даулы мәселеге айналды

Ауыл шаруашылығы саласындағы тұңғыш жоғары оқу орны Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің мүлкін жымқыруға қатысты дау әлі шешімін табар емес. Осыған дейін оқу орнының бірқатар маңызды активі заңсыз түрде жекенің жетегіне кеткен.

Атап айтқанда, университетке тиесілі 3 жатақхана, 5 ірі зертхана және 6 гектар жер жекеменшікке өткен. Қазір аталған мәселе «AMANAT» партиясының араласуы­мен Бас прокуратура мен Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет­керлерінің бақылауына алынған. Жуырда өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезектен тыс отырысында қолды болған нысандарды университет меншігіне қайтару және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды. Нысанға арнайы бақылау жүргізген партия мүшелері студенттер игілігіне тиесілі мүліктің жекеменшікке өтуі заңға қайшы әрекет екенін атап өтті.

https://aikyn.kz/286009/universitet-mulki-dauly-m-selege-m-selege-aynaldy

---------Chatbot---------
виртуальный помощник