KazNARU

KazNARU «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2025» ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРІС ОРНЫМЕН ТАНЫСТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Халықаралық жазғы мектеп – 2025» аясында 10 бағыт бойынша дәрістер өткізіліп, ғылым мен инновациялық білім саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктер насихатталуда.

✅ 9 маусым күні «Халықаралық жазғы мектеп – 2025» құрамындағы «Агробизнесті жаңғырту және трансформациялау: құқықтық негіздер, қаржы мен бухгалтерлік есеп» мектебінің қатысушылары тиісті бағдарлама бойынша Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан «Бірінші сыра зауыты» ЖШС базасында болып, өндірістік процестермен танысып қайтты.

✅ Студенттердің тәжірибелік саяхатын «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің деканы Динара Ажинурина, Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушылары Роза Құралбаева мен Мергул Еслямова ұйымдастырды.

✅ Қытай, Индонезия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген тыңдаушылар қазақстандық өндірістің заманауи үлгідегі озық технологиялық үрдістерін өз көздерімен көріп, білікті мамандардың жетекшілігімен инновациялық жаңалықтарына куә болды.

✅ «Бірінші сыра зауыты» – бұл жай ғана компания емес, ол жоғары сапалы дәмді сыра өндіретін және республикалық, шетелдік нарықта оң бағасын алған тұтас бренд. Заманауи техникалармен жабдықталған зауттың алғашқы қуаты жылына 0,4 млн гектолитр сыра болса, оның көлемін жылына 1,5 млн гектолитрге жеткізу көзделіп отыр. Және алдағы уақытта нәрлі сусындар, шырындар, шәй түрлерін шығару жоспарлануда дейді кәсіпорын басшылары.

✅ Алып зауыттың тұрақты ұстанатын құндылықтарының бірі – қоршаған ортаға өз залалын тигізбеу, тазалықты сақтау. Процесті жеңіл әрі қолжетімді ету үшін зауыт кеңселерінде қалдықтарды сұрыптауға ыңғайлы ыдыс қораптары орнатылған. Әрбір қызметкер өз жұмыс орнын таза ұстау арқылы жасыл аймаққа үлес қосуды парызы санайды.

✅ Осындай пайдалы экскурсия ұйымдастырған университет басшылығына және жазғы мектеп қатысушыларын жылы қарсы алған зауыт өкілдеріне шетелдік студенттер өз ризашылықтарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник