KazNARU

KazNARU «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2025»: «SPORT FEST» МЕРЕКЕСІ

✅ 2025 жылдың 7 маусымы күні Қазақ ұлттық агарлық зерттеу университетінің Спорт кешенінде жазғы мектеп тыңдаушыларына арналған «SPORT FEST» атты көңілді халықаралық эстафета өткізілді.

✅ Бұл эстафетаның мақсаты – алыс-жақын (АҚШ, Қытай, Малайзия, Германия, Польшя, Румыния, Түркия, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан т.б.) шетелдерден келген тыңдаушыларды спорт арқылы біріктіріп, достық қарым-қатынас орнатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

✅ Эстафетаға қатысушылар:

●IT технологиясын қолдану арқылы су ресурстарын басқару;

●Орманды және жерді тұрақты басқару;

●Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының инженерлік технологиялары;

●Агробизнесті жаңғырту және трансформациялау,

●Табиғи ресурстар, экология және тұрақты өсімдік шаруашылығы;

●Селекция және биотехнология;

●Биологиялық қауіпсіздіктегі ветеринария ғылымы – атты салалар бойынша төмендегідей 6 команда құрады.

1. ШКТ – Қытай

2. СамАТИ – Өзбекстан

3. Достық – Қырғыстан

4. Woter – Қытай

5. Горный орел – Қырғызстан

6. Хэнам – Қытай

✅ Эстафеталық ойындар жыламдық, ептілік, икемділік, сыни ойлау қабілеттерін көрсетуге арналған жаттығулардан құрастырылды. Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Индонезия, Болгария мемлекетінен келген өкілдерге қазақтың ұлттық ойыны – асық ату спорты да ұсынылды.

✅ Өте қызықты және тартысты өткен спорттық ойындар жазғы мектептің қатысушыларына ерекше көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Жеңімпаздарға университет басшылығы атынан Дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

✅ Өз кезегінде мұндай әсерлі жарысқа алғаш рет қатысқан шетелдік қонақтар университет басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник