KazNARU

KazNARU СПОРТШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

✅ Ақтау қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында еліміздегі жоғары оқу орындарының ең таңдаулы спортшылары бақ сынасуда.

✅ Чемпионаттың негізгі мақсаты – жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушы жастардың достығы мен ынтымақтастығын нығайту.

✅ Осы дүбірлі сайыста Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің 1-ші курс студенті Жансанат Қабдиракимов спорттық және жауынгерлік самбо күресінен 3-орын жүлдегері атанып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатты.

✅ Мерейі жанған студентімізді Республикалық жарыстағы елеулі жетістігімен құттықтаймыз және алдағы белестерде де жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник