Театрға саяхат: Жеңіс күніне арналған қойылым
2025 жылы 9 сәуірде Жеңіс күніне арналған патриоттық тәрбие жұмысы аясында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Досимқанқызы Азиза ЛР 24-08 тобының студенттерімен бірге театрға бару іс-шарасын ұйымдастырды. Студенттермен бірге Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Ұлы Отан соғысына арналған спектакльді тамашалады.
Іс-шараның басты бөлімі – соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың тағдырына арналған «Жусан иісі» атты қойылым болды. Қойылымда соғыс жылдарындағы халықтың қайғысы мен үміті, жеңіске деген сенімі, рухани беріктігі және Отанға деген шексіз махаббаты көрініс тапты. Шынайы оқиғалар негізінде жасалған сахналық бейнелер студенттерге ерекше әсер қалдырып, бейбітшіліктің құны мен тарихи жадтың маңыздылығы туралы терең ойлануға себеп болды.
Қойылымнан кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, патриотизм мен тарихи мұраны сақтаудың бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты. Оқытушы соғыстағы қазақ халқының ерлігін атап өтіп, ардагерлерге деген құрметтің ерекше маңызын атап өтті.
Бұл мәдени іс-шара тәрбиелік және танымдық мәнге ие болды. Мұндай шаралар жастардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.