МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты қорытынды жиын өткізді.
Іс-шара 2024 жылғы 29 қараша күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мәжіліс залында өтті.
Жиын аясында «Алматы қаласындағы тілдік ахуал (әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу және мониторинг)» атты монографияның тұсаукесері өтті. Онда мегаполистегі мемлекеттік тілдің қолданылу жағдайына жүргізілген кешенді талдау нәтижелері ұсынылды. Монография жиынға қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, өйткені онда қалалық ортада жүріп жатқан нақты тілдік үдерістер кеңінен сипатталып, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдаудың нақты жолдары ұсынылған.
Іс-шараға жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Дуз-Оглы Гульнар Руслановна ЛДО-24-16 тобының студенттерімен бірге қатысты. Студенттер үшін бұл жиын құнды тәжірибе болды: олар әлеуметтік лингвистика саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерімен танысып, сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асырудың практикалық қырларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл жиын жастар үшін білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Олар мемлекеттік тілге деген құрметті тереңірек сезініп, оны ілгерілету жолындағы өз рөлін түсіне түсті. Мұндай іс-шараларға қатысу студенттердің азаматтық белсенділігін арттырып, тілдік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.