KazNARU

КӨКТЕМГІ ЕМТИХАН АЯҚТАЛДЫ: КӨЛСАЙ МЕН ШАРЫНДАҒЫ КӨҢІЛДІ САЯХАТ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің 1-курс студенттері көктемгі емтихан сессиясын табысты аяқтап, жексенбі күні Қазақстанның табиғи жауһарлары – Көлсай көлі мен Шарын шатқалына саяхаттап қайтты.

✅ «Бұл сапардың басты мақсаты – табиғат аясында демалу ғана емес, студенттердің аса жауапты сессиядан кейінгі рухани, эмоционалдық көңіл-күйін қалпына келтіру, жастар арасында бейформалды қарым-қатынас орнату, командалық рухты нығайту, сонымен қатар туған өлкенің табиғи сұлулығын таныту арқылы экологиялық сана мен отансүйгіштік сезімді дамыту» - дейді факультет деканы Ләззат Әлдібаева.

✅ Экскурсия барысында жастар Алатау баурайындағы ғажайып өңірлер – Көлсай мен Шарын шатқалының табиғи-географиялық ерекшеліктерін, флорасы мен фаунасын тамашалап, үлкен әсерге бөленді.

✅ Жыл бойы үздіксіз білім алып, емтихан сынағынан абыроймен өткен студенттер арнайы автобус бөліп, қолдау көрсеткен университет басшылығына өз ризашылықтарын білдірді!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник