KazNARU

KazNARU ҰЖЫМЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

✅ 2025 жылдың 8 мамырында – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы сенбілікке белсене қатысты.

✅ Оқу ордамызда бұған дейін де «Таза университет – таза болашақ!», «Университет – ортақ үйіміз!» деген сияқты бірнеше сенбілік іс-шаралары өткені белгілі. Ал, бүгінгі сенбіліктің орны бөлек. Бұл іс-шара бүкіл қала бойынша ұйымдастырылып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығының құрметіне арналды.

✅ Ғасырға жуық отандық білім мен ғылымның қара шаңырағы атанып келе жатқан университеттің инфрақұрылымдарын ұқыпты ұстау, жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу бағытындағы сенбілікте әкімшілік қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы білім алушыларға үлгі-өнеге көрсетті.

✅ Сенбілікке қатысушылар тиісті техника, құрал-жабдықтармен (күрек, тырма, шелек, қолғап т.б.) толықтай қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында Бас ғимараттан бастап, барлық оқу ғимараттары, ішкі аулалары, Орталық стадион, көгалдандырылған аймақтар мен гүлзарлар қоқыстардан тазартылып, ағаш бұтақтары мен өсімдік қалдықтары жиналды.

✅ Туған Университетіміз жаңғырып жасарып, жайнай берсін!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник