Ниязбаев Әділхан Қизатоллаұлы 1977 жылы туған, ұлты – қазақ. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Университетті бітіргеннен кейін бірден ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін «Машина пайдалану» кафедрасына тағылымдамашы-зерттеуші ретінде қабылданды. 2000 жылдан бастап И.В. Сахаров атындағы «Машиналарды пайдалану» кафедрасында жетекші инженер болып жұмыс істеді, ал 2000 жылғы 21 желтоқсаннан бастап осы кафедрада ассистент қызметін атқарды. 2005 жылы аға оқытушы лауазымына ауыстырылды. 2024 жылы «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2004 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша менеджмент магистрі академиялық дәрежесі мен біліктілігін алды. 2024 жылы 6D080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған « Жабындаушы үлдір мен тамшылатып суарушы иілгіш таспаларды жинау тәсілін негіздеу және құрылғысын жасау » тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Кәсіби қызметі барысында «Өсімдік шаруашылығындағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану», «Машина пайдалану», «Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру», «Отын, майлау материалдары және техникалық сұйықтықтар» және басқа да бейіндік пәндер бойынша дәрістік, зертханалық-тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде жүргізді.
Ә.Қ.Ниязбаевтың ғылыми қызығушылықтары ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру, агроөнеркәсіптік кешендегі техникалық құралдар мен технологияларды жетілдіру, ауыл шаруашылығында ресурсты үнемдейтін және экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ өсімдік шаруашылығында өнім жиналғаннан кейінгі өңдеу мен технологиялық материалдарды жинауға арналған машиналар мен құрылғыларды жасау және негіздеумен байланысты.
Ниязбаев Ә.Қ. гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылған бірқатар ғылыми жобалардың орындаушысы болды, оның ішінде мынадай тақырыптар бар: « Қазақстанның ара шаруашылықтары жағдайында техникалық құралдарды жаңғырту жолымен ара ұясын пергаға және балауыз шикізатына өңдеудің қарқынды технологиясын әзірлеу»; «Жалжымайтын қабатта көмірдің жану процесін қарқындату есебінен аз қуатты тиімділігі жоғары қазандықтарды әзірлеу»; « Өнім жиналудан кейін егістік бетінен мульчалаушы үлдірді және тамшылап суарушы иілгіш таспаларды жинау технологиясы мен құралдары».
Көп жылғы кәсіби қызметі барысында өзін білікті оқытушы, тәжірибелі зерттеуші және жауапты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Кәсіби деңгейін арттыру бағытында ұдайы жұмыс істейді, білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне және аграрлық сала үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға белсенді қатысады. Әріптестері арасында құрметке ие, білім алушылар арасында беделі жоғары.
1. Оқу орны: Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті
Мамандығы: Ауыл шаруашылығын механикаландыру
Бітірген жылы: 1999
Біліктілігі: инженер-механик
2. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Менеджмент
Бітірген жылы: 2004
Біліктілігі: Менеджмент магистрі
3. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: Аграрлық техника және технология
Бітірген жылы: 2021
Біліктілігі: PhD
Гранттар: республикалық, шаруашылық келісімшарттық, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаржыландыратын және халықаралық жобалар
1. «Қазақстанның ара шаруашылықтары жағдайында техникалық құралдарды жаңғырту жолымен ара ұясын пергаға және балауыз шикізатына өңдеудің қарқынды технологиясын әзірлеу». ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы.
2023–2025 жж. Жоба орындаушысы.
2. «Алматы облысы жағдайында жұмсақ полимерлі контейнерлерде ұсақталған өсімдіктерді вакуумдық тығыздау үшін техникалық құралдарды әзірлеу арқылы пішендемені дайындау және сақтау технологиясы». ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы. 2025–2027 жж. Жоба орындаушысы.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Niyazbayev A.K. et al. Bee Bread Drying Process Intensification in Combs Using Solar Energy // Energies. – 2025. – Vol. 18. Issue 9. – DOI 10.3390/en18092226 (Scopus, Q1)
2. Niyazbayev A.K. et al. Efficient Combustion of the Fixed Coal Layer in an Advanced Combustion Chamber Design for Low-Power Boilers // Transactions of tianjin university – 2024. – Vol. 30. Issue 6.
DOI 10.1007/s12209-024-00415-z (Web of Science, Q1)
3. Niyazbayev A.K. et al. Power need of an implement for removing polymer residues from the soil surface in Kazakh horticulture // Journal of agricultural engineering. – 2022. – Vol. 49. Issue 3. – DOI 10.4081/jae.2022.1382 (Web of Science, Q2)
4. Niyazbayev A.K. et al. A novel method and device for plastic mulch retriever // Journal of Water and Land Development. – 2021. – Vol. 49 (IV–VI). Pages. 85 - 94. – DOI 10.4081/jae.2022.1382 (Scopus, Q2)
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Ниязбаев А.К. және т.б. Кептіру модулінің кірісі мен шығысындағы ауа жылдамдығы мен кептіру агентінің шығынын анықтау // Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. – 2024, – №4 (104). – 422–433 б. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
2. Ниязбаев А.К. және т.б. Шарлы бикалориметр әдісімен жылуфизикалық қасиеттерді анықтау// АЭжБУ Хабаршысы. – 2024. – № 2 (65). – 49–63 б. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
3. Ниязбаев А.К. және т.б. Шарлы бикалориметр әдісімен перга түйіршіктерінің жылу-физикалық қасиеттерін анықтау // С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Ғылым жаршысы. – 2024. – № 2 (121). – 111–129 б. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
4. Ниязбаев А.К. және т.б. Вакуумдалған жұмсақ контейнерлерде сүрлемді даярлау және сақтау технологиясының тиімділігін анықтау // С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Ғылым жаршысы. – 2021. – № 4 (111). – 50–57 б. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
1. Ниязбаев А.К. және т.б. Технология и средства удаления мульчирующей пленки и гибких поливных лент капельного орошения с поверхности поля в послеуборочный период при интенсивной технологии производства овощей (монография). – Алматы: Алма Принт. 2020. – 159 б.
ПАТЕНТТЕР
1. ҚР патенті 37358. Окараны кептіруге арналған технологиялық қондырғы / Ниязбаев А.К. және т.б. Заявл. 13.03.2024. Опуб. 19.09.2025, бюл. №5.
2. ҚР патенті №35667. Способ извлечения мёда из ячеек пчелиных сотов / Ниязбаев А.К. және т.б., 2022.
3. ҚР патенті №35409. Орталықтан тепкіш-импульстік аппаратта пергалық кәрездерді скарификациялау тәсілі / Ниязбаев А.К. және т.б., 2021.
4. ҚР патенті 34973. Устройство для снятия и намотки мульчирующей пленки к машине для ее уборки с рядков растений / Ниязбаев А.К. және т.б., 2021.
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Конференция материалдары
1. Ниязбаев А.К. және т.б. Гелиосушильная установка для сушки перги в сотах // Современные тенденции развития сельскохозяйственного машиностроения и технического сервиса в АПК - Материалы МНПК, посвященной 25-летию образования факультета «Технический сервис в АПК». – Минск. – 2025 – 325–329 б.
2. Ниязбаев А.К. және т.б. Комплектование транспортно-тракторного агрегата и расчет потребного количества машин для уборки силоса в хозяйстве // Современные тенденции развития сельскохозяйственного машиностроения и технического сервиса в АПК - Материалы МНПК, посвященной 25-летию образования факультета «Технический сервис в АПК». – Минск. – 2025 – 336–341 б.
3. Ниязбаев А.К. және т.б. Исследование кинематики криволинейного движения транспортнотракторного агрегата, предназначенного для вакуумного уплотнения сочных кормов в мягких контейнерах // Современные тенденции развития сельскохозяйственного машиностроения и технического сервиса в АПК - Материалы МНПК, посвященной
25-летию образования факультета «Технический сервис в АПК». – Минск. – 2025 – 346–351 б.
Әдістемелік ұсынымдар
1. Ниязбаев А.К. және т.б. Рекомендации по применению технологии и технических средств заготовки силоса путем вакуумного уплотнения для крестьянских, фермерских и подсобных хозяйств Республики Казахстан. – Алматы: ҚазҰАЗУ, 2025.- 25 б.
Бакалавриат:
• Ауылшаруашылық машиналары
• Өсімдік шаруашылығында машиналар мен жабдықтарды пайдалану
• Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру
• Ауылшаруашылық машиналары
• Өсімдік шаруашылығында машиналар мен жабдықтарды пайдалану
• Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру
Докторантура (бар болған жағдайда):
• Мал және өсімдік шаруашылығындағы өндірістің заманауи ғылыми мәселелері
• Мал және өсімдік шаруашылығындағы өндірістің заманауи ғылыми мәселелері
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру
1. «Интеллектуалды ауыл шаруашылығы жабдықтарын әзірлеу» бойынша 2025 жылғы «Бір белдеу – бір жол» тағылымдамасы» – Шихэцзы университеті, Қытай, 2025.
2. «Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өндірісінің заманауи ғылыми мәселелері» курсы – «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025.
3. «Білім беруді цифрлық трансформациялау: ЖОО мен колледж оқытушысына арналған жаңа мүмкіндіктер» семинары – «EDP Hub (Идипи Хаб)» ЖШС, Алматы, 2025.
4. «Басшы қызметкерлер мен мамандардың тағылымдамасы» – БМАТУ (БГАТУ) АӨК кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, Беларусь, 2021.
Еднач Валерий Николаевич - Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6753-5489
Scopus Author ID: 57778614100