7M09102-«Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының магистрі төмендегі лауазымды қызметтерді атқара алады:
-ҚР АШМ жоғарғы ветеринарлық оқу орындарында ассистент, қауымдастырылған профессор, профессор, академик;
-ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелерінің кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі,директоры;
-ҚР ІІМ ветеринарлық полиция бөлімінің инспекторы, басшысы (қосымша заң білімі);
-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасындалаборант, зертхана меңгерушісі;
-ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
-аудандық, облыстық, республикалық ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармаларының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
-ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жыл 21 мамырдағы № 201-П бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Ветеринариялық санитария саласында білім беру, ғылыми-зерттеу, жобалау қызметі, сараптау-қадағалау, ұйымдастыру-басқару, эксперименталдық-зерттеу.
-ветеринарлық бейіндегі жоғарғы оқуорындары;
-ветеринарлық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар;
-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханалары;
-биологиялық препараттар мен биологиялық белсенді заттарды дайындау кәсіпорындары;
-жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілер;
-ҚРІІМ мен шекара қызметінің ветеринарлық құрылымдары.
-Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шетелдердің зерттеу мекемелерінде Ветеринариялық санитариямәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-жоғары және орта арнаулы оқу орындарында дәріс, зертханалық, тәжірибелік оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;
-Қазақстан Республикасының аумағын шектесетін мемлекеттерден әкелінетін жұқпалы аурулардан қорғау;
-жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерінветеринарлық-санитарлық сараптау, радиациялық, биологиялық және токсикологиялық қауіпсіздік деңгейі мен сапасын бағалау;
-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
-тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының шикізаттары менбиопрепараттар өндірісі объектілерін сапасыз қалдықтардан қорғау.
1. Бағалау:
-оқу сабақтарын өткізу мен білім алушылардың алған білімін бағалайды;
-жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне бағалау мен олардың тиімділігін анықтайды;
-жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптау, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау;
-жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы нысандарында ветеринарлық-санитарлық шараларды бағалау.
2. Конструктивтік:
-студенттерге дәріс, зертханалық, тәжірибелік оқу сабақтарын жүргізу, оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізу, тәрбие жұмысытарын ұйымдастырады;
-ветеринарлық, биологиялық және экологиялық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізетін ғылыми бағдарламалар мен жобаларға қатынасады;
-ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету барысында инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми әдістемелерді сынақтан өткізуге және енгізуге жәрдемдеседі;
-жануарларды, құстарды, балықтарды және араларды экспорттық-импорттық тасымалдау барысында бақылауды жүзеге асырады.
-жануарлар, құстар, балықтар және аралардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою бойынша індетке қарсы шаралар ұйымдастыруға және жүргізуге қатынасады.
3. Ақпараттық-технологиялық:
-жоғарғы және орта арнайы ветеринарлық оқу орындарында оқу сабақтарын жүргізумен, тәрбие жұмыстарымен айналысады;
-Ветеринариялық санитария мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми мақалалар түрінде жариялайды, зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз етеді;
-Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың, құстардың, балықтардың, бал араларының аса қауіпті ауруларының стационарлық ошақтарын анықтау,мониторинг жүргізу және картағатүсіру мен мемлекеттік ветеринарлық қызметке олардың өршуі туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
-ветеринария бойынша есепке алу мен есеп беру, белгіленген және мемлекеттік қызметті уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
-Ветеринариялық санитария бойынша білім беру үдерісін;
-ветеринариялық санитария саласындағығылыми-зерттеу қызметтері бойынша;
-жануарлардан алынатын тағамдық өнімдерді сараптау, сапасын бағалау және радиациялық, биологиялық қауіпсіздік мәселелерінде;
-жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы нысандарындағы қоршаған орта гигиенасы мәселелерінде;
-Ветеринариялық санитария саласындағы проблемалық мәселелерді шешуде заманауи әдістемелерді, құралдар мен жабдықтарды тиімді қолдану.